Қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев БАТЭ сапына ауысты

599

Ол бұған дейін Беларусь елінің "Слуцк" футбол клубында өнер көрсеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев БАТЭ сапына ауысты Фото: fcbate

Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатының 15 дүркін чемпионы БАТЭ футбол клубының ойыншысы атанды. 

Қазақстандық футболшы бұған дейін Беларусь біріншілігіндегі "Слуцк" клубында ойнаған. Аталған командада 3 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.  

Оралхан – қарағандылық "Шахтер" командасының түлегі. Кеншілер сапында 2015 жылы дебют жасап, 2017 жылы команданың негізгі ойыншысына айналды. 

2020 жылы Өміртаев қостанайлық "Тобыл" сапына ауысып, сол жылы күміс жүлдеге ие болды. Ал, үш айдан кейін Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. 2021 жылдың жазында шабуылшы "Шахтер" командасына қайта оралды. Оралхан сондай-ақ "Ақжайық", "Атырау" футбол клубтарында өнер көрсеткен. 

25 жастағы футболшы өнер көрсететін БАТЭ Беларусь елінің ішкі чемпионатындағы 15-турдың нәтижесі бойынша 10-орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу