Қазақстанның мемлекеттік қарызы жаға ұстатты

11667

Бұл туралы Қаржы министрлігінің мемлекеттік борыш пен пайыздық төлемдер туралы дерегінде айтылған.

Қазақстанның мемлекеттік қарызы жаға ұстатты Фото: inbusiness.kz

Мәліметке сүйенсек, Үкімет 2024 жылдың 9 айында ішкі нарыққа мемлекеттік бағалы қағаз шығару арқылы 4 трлн 996,6 млрд теңге қарыз тартқан. Ал 9 айда сырттан тартылған қарыз көлемі – 90,7 млрд теңге.

Жалпы мемлекеттік борыштың көлемі 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 30 трлн 504,8 млрд теңге болған. Бұл жалпы ішкі өнімінің 22,6 пайызына тең деген сөз. (1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 134 трлн 952,9 млрд теңге болып белгіленген).

Мемлекеттік борыштың 94,4 пайызын үкіметтік борыш құрап отыр – 28 трлн 784,7 млрд теңге. Үкіметке тиесілі қарыздың ішкі борышы – 21 трлн 567,6 млрд теңге (75%) болса, сыртқы борышы – 7 трлн 217 млрд теңге (25%). Ал Ұлттық банктің ішкі нарықтан тартқан борышы 500 млрд теңге болған.

Жергілікті әкімдіктердің мойнындағы қарыз көлемі 1 трлн 220,1 млрд теңгеге жеткен. Үкімет борышының қысқа мерзімде өтеуге жататыны – 848 млрд теңге, орташа мерзімдісі – 3 трлн 209,7 млрд теңге, ұзақ мерзімдісі – 24 трлн 726,9 млрд теңге.

Жыл басынан бері Үкімет борышына қызмет көрсету шығыны 1 959,3 млрд теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу