Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 5%-ға өсуі мүмкін – болжам

Сарапшылар мен қаржы институттары Қазақстан экономикасының өсу қарқынына қатысты болжамдарын жақсартты.  

Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 5%-ға өсуі мүмкін – болжам Фото: pixabay.com

Inbusiness.kz тілшісі халықаралық банктердің осыған қатысты болжамын шолып, жекелеген экономистердің пікірін білді. 

Елдің жалпы ішкі өнімі – маңызды макроэкономикалық көрсеткіш. Ол есепті кезеңде елде өндірілген тауар мен қызметтің жиынтық нарықтық құнын айқындап, елде қалыптасқан жалпы экономикалық ахуалды көрсетеді. 

Мәселен, Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан экономикасы 2023 және 2024 жылдары 5,0%-ға өседі деп болжады

"Мұнай бағасына байланысты біршама ауытқушылық болса да ЖІӨ 5,0%-ға өседі деп күтілуде. Елде бөлшек және көтерме сауда, құрылыс сияқты салаларында айтарлықтай өсім байқады. Сондай-ақ инфрақұрылым, көлік және қойма шаруашылығына салынатын мемлекеттік және жеке инвестициялардың арқаны байқалады. Бұл Алматының Орталық Азия нарықтарына қызмет көрсету орталығы ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін көрсетеді", – деп хабарлады қаржы институты. 

Ал DAMU Capital Management бас директоры Мұрат Қастаев биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсу қарқыны 4,5-4,7%-ға дейін төмендейді деп болжайды.

"Бәсеңдеудің себебі – Қазақстанның ОПЕК+ алдындағы міндеттемелері аясында мұнай өндіруге шектеулер, МАЭК-тегі жазғы апаттар салдарынан өндірістегі үзілістер",– деді Қастаев.

Дегенмен, сарапшының атап өтуінше, ЖІӨ өсімі айтарлықтай жақсы күйінде қалып отыр және 2023 жылдың соңына қарай 4-4,5% аралығындағы көрсеткішке тұрақтайды.

"Мұнай бағасы жоғары күйінде қалып отыр және біздің болжауымызша, биылғы жылдың соңына дейін де жоғары болып қалады, сондықтан мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қордың кірістерінде ешқандай мәселелер күтілмейді, сәйкесінше, Үкімет мемлекеттік бюджет шығыстарын өз деңгейінде ұстайды",– деп түсіндіреді Қастаев.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының талдау орталығының болжамы бойынша, ЖІӨ 4,5-4,8% болады.

Бұл ретте Ұлттық банк 2023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанның ЖІӨ жылдық мәнде 4,9%-ға өскенін хабарлады. 

"Іскерлік белсенділік орнықты ішкі сұраныс, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және мұнай секторын қалпына келтіру салдарынан кеңеюде. Құрылыс, сауда, өнеркәсіп, сондай-ақ ақпарат және байланыс – экономиканың өсуіне басты үлес қосушы салалар", – деп хабарлады реттеуші.

Әйтсе де, бас банк басшылығы көрсеткіштерге қысым жасайтын проинфляциялық тәуекелдер барын жа жоққа шығармады. 

"Бұрын теңге бағамының динамикасымен теңгерілген жанармай бағасы мен коммуналдық төлемдер бағасының көтерілуінен кейін орын алатын қайталама әсерлердің әлеуетті іске асуы және биылғы бидай өнімі бойынша болжамдардың нашарлауы да маңызды фактор болып табылады", – деп хабарлады ҰБ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу