Келесі жылы жаңа үйлер қымбаттауы мүмкін

518

Жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер құрылыс компанияларын ғана емес, қарапайым тұтынушыларды да әбігерге салайын деп отыр. 

Келесі жылы жаңа үйлер қымбаттауы мүмкін Фото: dom.kz

Бұл туралы Құрылысшылар қауымдастығының басшысы Виктор Микрюков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біздің мемлекеттік органдар салық реформасы аясында құрылысшылардың жеңілдігі алынып тасталатынын айтады. Бірақ барлығы тұрғын үй сатып алу кезінде қосымша құн салығы бойынша жеңілдік ең алдымен азаматтарымызға қатысты болатынын түсінуі қажет. Мысалы, нан сатып алғанда оның құнында қосылған құн салығы болады. Бұл салықты сатып алушылар ретінде азаматтар төлейді. Бұл да осыған ұқсас жағдай. Жеңілдіктер алынып тасталады, сәйкесінше құрылыс барысында компаниялар бұл салықты өз қалтасынан төлеуге мәжбүр болады. Бұл салық салмағы өнімді сатып алатын түпкілікті сатып алушының иығына түседі",  – деді Виктор Микрюков "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезекті съезінен кейін.

Спикердің сөзінше, бұл әлеуметтік, комфорт санатындағы тұрғын үйлерге әсер етуі мүмкін. Себебі олардағы пайда деңгейі бағаны ұстап қалу арқылы өтеу үшін тым төмен, дейді сарапшы.

"Егер Салық кодексіне тиісті өзгерістер енгізілсе және тұрғын үй сатып алу кезінде азаматтардың ҚҚС бойынша жеңілдіктері алынып тастаса, онда баға орта есеппен 8-9 пайызға көтеріледі",  – деді ол редакция тілшісінің сауалына берген жауабында.

Сарапшы тиісті норма тек жаңа тұрғын үйлерге ғана әсер ететінін жеткізді.

Виктор Микрюков қосылған құн салығын өтеудің екі жолы бар екенін баса айтты.

"Біріншіден, өз пайдаңыз арқылы өтеуге болады. Өкінішке қарай, мұны құрылыс аясында тек премиум жобалар бойынша ғана жүзеге асыруға болады. Пайда есебінен салықты өтеу мүмкін болмайтын жобалардың тиісінше құны өседі. Мәселен, қазір комфорт санатындағы жобалардың орташа рентабельділігі 7 пайызды құрайды, ең ірі жобаларда бұл көрсеткіш 11 пайызға дейін барады", – деп атап өтті Құрылысшылар қауымдастығының басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу