King Hotel Astana қарызына бола сатылды

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
20307

Қонақүй өзінің бастапқы ұсынған бағасынан екі есе арзанға сатылды.

King Hotel Astana қарызына бола сатылды

21 сәуір күні жалпы ауданы 30 951,2 шаршы метр болатын және 0,6473 га жер учаскесі бар төрт жұлдызды King Hotel Astana қонақүй кешені бірыңғай электронды сауда алаңында 6 млрд 687 млн 881 мың 198,22 теңгеге сатылды. Саудаға екі адам қатысты. Сауда жеңімпазы хаттамаға қол қойды. Дегенмен, Астана қаласының жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы қонақүйді кім сатып алғаны жөнініде abctv.kz-ке ақпар беруден бас тартты.

Осылайша жер учаскесінің құнын есептемегенде қонақүйдің бір шаршы метрі 216 078 теңге болды.

Нысан бірнеше рет саудаға қойылған болатын. 16 ақпан күні сауда кезінде ары қарай өсу тәртібімен 12 млрд 861 млн 309 мың 997 теңгеге қойылды, содан кейін 18 сәуір күні тағы осы бағаға саудаланды. Ал 21 сәуір күні төмендетілген 12 млрд 861 млн 309 мың 997 теңгеге қойылды.

Өндіріп алушы "J.A. Collection Company" ЖШС коллекторлық компаниясы, ал борышкер "ABC Investments Holding" ЖШС болды. King Hotel Astana қонақүйінде 700 адам сыятын 289 бөлме мен 165 аппартамент бар. Қонақүй бөлмесінің бағасы тәулігіне 18000 теңгеден 49000 теңгеге дейінгі аралықта. Қонақүй 2009 жылы мемлекет басшысының қатысумен ашылған.

Жанболат Мамышев, Гүлназ Ермағанбетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу