Қазақстан автобизнесі қауымдастығының мәліметіне сүйенсек, биылғы жылдың қаңтарында сатып алушылар автосалоннан 2466 автокөлік сатып алған. Көлік сатушы делдалдар осы күнге дейін 2015 жылы шыққан көліктерді сатқан. ҚАБҚ-тың есебі бойынша, автосалондарда сатылған барлық автокөлік құны 56,5 млн долларды, немесе 18,7 млрд теңгені құраған.
"ҚазАвтоөндіріс" қауымдастығы қаңтар айының қорытындысында бір айда Қазақстанда жеңіл автокөліктен басқа жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеге 586 жүк және автобус көлігін шығарғаны туралы мәлімет таратты. Ал отандық зауыттарда жиналған жеңіл автокөлік саны 549-ға жетіп, былтырғы жылғы осы кезеңдегі көрсеткіштен 67,9%-ға артты. Биылғы қаңтар айындағы автокөлік өндірісі былтырғымен салыстырғанда 31,7%-ға өсті.
"ҚазАвтоөндіріс" ЗТБ басқарма төрағасының айтуынша, биылғы жылы бұл саланың алға басуы былтырғы көрсеткіштің төмен болуымен түсіндіріледі.
"Бұл сандар негізінен былтырғы жылғы көрсеткіштің төмен болуымен түсіндіріледі. Дегенмен бүгінгі күні Қазақстандағы сатып алушылардың үштен бір бөлігі жергілікті жерде жиналатын автокөлікті алғысы келеді. Бұл ретте айта кету керек, сатылған өнімнің тек 12% ғана жеңілдікпен автонесие беретін мемлекеттік бағдарлама аясында алынды", - деді Олег Алферов.
Қаңтар айында қазақстандықтар арасында Toyota бренді ерекше сұранысқа ие болды: ҚАБҚ берген ақпарат бойынша, 403 автокөлік сатылған.
ҚАБҚ рейтингі бойынша, одан кейін Ресейдің LADA маркасы тұр. Қаңтарда дәл осы маркадан 395 автокөлік сатылды. Қазақстандағы ең жиі сатылатын көліктер арасында үшінші орынға Renault маркасы ие болды. Дәл осы көліктің 259 данасы сатылды.
"ҚазАвтоөндіріс" қаңтар айында сұранысқа ие болған Қазақстанда жиналған автокөліктер туралы мәлімет жариялады. Ең көп сатылған автокөлік – LADA. Диллерлік салондарда Ресей маркасының 384 автокөлігі сатылды. Сұраныс бойынша екінші орынды иеленген, Қазақстанда жиналатын KIA маркасынан 98 автокөлік сатылды. Одан кейінгі орында қытайдың JAC бренді тұр. Бұдан 69 автокөлік сатылды.
Тіркелген келісімдер саны былтырмен салыстырғанда 32,53%-ға артты – ҚАБҚ келтірген дерекке сәйкес, 69192 келісім жасалған. Ұсталған автокөліктері тіркеу үлесі 57933-ке жетті, бұл былтырғы жылғы көрсеткішке қарағанда 36,51%-ға көп. Ең көп келісім Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында жасалған. Сәйкесінше 10086 және 9776. Ең аз келісім Солтүстік Қазақстан облысында. Мұнда бар болғаны 1678 келісім тіркелді.
Еске салсақ, биыл ҚАБҚ жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасы қаражатының артуына арқа сүйеп, 50000 автокөлік сатуды болжап отыр. Бұл ретте "ҚазАвтоөндіріс" 2017 жылдың қаңтарында экспортқа шығару үлесі 11%-ға ұлғайғанын баса айтты. 21 ақпанда "Азия Авто" зауытынан Қытайға 120 LADA автокөлігінен тұратын партия жіберілді.
Артур Мискарян