Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі триллион теңгеден асты

23115

Қолма-қол ақшасыз төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар және интернет/мобильді банкинг арқылы жасалды.

Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі триллион теңгеден асты

2019 жылдың мамырында ҚР аумағында карточкалармен жасалған қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 927,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 2,4 есеге және сәуір айымен салыстырғанда 10,5%-ға өсті, деп хабарлайды Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы баспасөз қызметі. ҚР аумағында карточкалармен жасалған төлемдердің жалпы көлемінде Алматы қаласының үлесі мамыр айының қорытындысын сәуірмен салыстырғанда 70%-ды құрап, өзгеріссіз қалды. Бұл ретте қазақстандық эмитенттердің карточкалары (ел ішінде және одан тыс жерлерде) бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2,3 есеге, 1 020,0 млрд теңгеге дейін өсті.

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көрсеткішінің банкоматтардағы қолма-қол ақшаны алуға қатынасы мамыр айында 69%-ға дейін ұлғайып, кезекті максимумға жетті (көрсеткіш кезінде ҚР аумағында пайдаланылған карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлем 100%-ға дейін өсті, қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялар көлемімен салыстырылады). Сонымен қатар, операциялардың жалпы көлеміндегі қолма-қол ақшасыз транзакциялардың үлесі (қолма-қол ақшасыз төлем плюс банкоматтардан алу) мамыр айында 41%-ға дейін өсті.

 Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Өңірлер бойынша бөлуде мамыр айында ең үлкен өзгерістер Алматы қаласындағы карточкалар бойынша транзакциялар көлемінің өсуіне қатысты болды (+63,4 млрд теңге). Барлық өзге аймақтардың аумағындағы карточкалар бойынша төлемдер динамикасы мамырда да оң болды, бірақ 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда бірнеше өңір теріс динамиканы көрсетті.

1-кесте. Өңірлер бөлінісінде карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің динамикасы:

 Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Карточкаларды пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша "орташа чек" мамыр айында 10 601 теңгеге дейін өсті (ай бұрын – 10 127), ал банкоматтан алу сомасының орташа мөлшері осы мөлшерден 4,3 есе артық және 42 014 теңгені құрайды (ай бұрын – 45 929).

 Дереккөз: ҚРҰБ

ҚР аумағында пайдаланылған карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің 66%-ы интернетте төлеуге, ал 32%-ы POS-терминалдар арқылы төлеуге келеді. Бұл ретте соңғы 12 айда Қазақстанда карточкалар бойынша транзакциялардың жалпы көлемінде POS-терминалдардың үлесі 12%-ға төмендеді.

 Дереккөз: ҚРҰБ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу