UEFA Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы ойынында корольдік клуб "Арсеналға" 0:3 есебімен жол берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Испанияның "Реал Мадрид" клубы жарыстың кезекті кезеңінде Англияның "Арсеналымен" күш сынасты. Лондон қаласында өткен кездесудің бірінші таймында қос команда гол соға алмады.
Ал екінші кезең басталысымен ағылшындық клуб ойынды өз қолына алды. Матчтың 58-минутында Деклан Райс айып соққысын шебер орындаса, 70-минутта да дәл сол мәнерде голын тойлады. "Арсенал" сапынан үшінші мәрте Михель Мерино 75-минутта мергендігімен танылды. Қорытынды есеп – 0:3. "Реал Мадрид" қарсыласына ірі есепте жол беріп, жарысты жалғастыру мүмкіндігін азайта түсті.
Қарымта ойындар 16 сәуір күні өтеді.
Ширек финалдың екінші ойын күні 9 сәуірде, яғни бүгін жалғасады. Алаңда "Барселона" (Испания) мен "Боруссия Дортмунд" (Германия), "Пари Сен-Жермен" (Франция) мен "Астон Вилла" (Англия) шеберлік байқасады.