Жанкүйерлер бұл кездесуде Португалияны басты фаворит ретінде санады. Криштиану Роналду секілді жұлдыздар Словенияны оп-оңай жеңеді деген жорамал айтылды.
Алғашқы минуттан португалиялық футболшылар тізгінді қолына алуға тырысты. Олар шабуыл шебінде жиі бой көрсетті.
Оған словениялық құрама лайықты тосқауыл қоя білді. Олардың қатарынан Ванья Дркушич мен Жан Карничник тәртіп бұзуына байланысты сары қағаз алып үлгерді. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.
Екінші кезеңде де жеңімпаз анықталған жоқ. Қосымша кезеңде гол соғылмады. Осылайша, 0:0 есебі тіркелді. Пенальти тебуден Португалияның жолы болды. Енді олар 5 шілдеде ширек финалда Франциямен шеберлік байқасады.