Қазақстан құрамасы футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Албанияны жеңді.
Бүгін, 7 наурызда Астанада топтық кезеңнің бесінші туры өтіп, құрамамыз 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасы сапынан Дамир Қайырбай (7-минут), Лео (7, 17) және Шыңғыс Есенаманов (26-шы) гол соқты. Албаниялықтардан Арбер Шкодра (24) мен Бриланд Тома (39) көзге түсті.
Армения мен Қазақстанның еншісінде 10 ұпайдан бар. Бірақ топ көшбасшысы Армения тағы бір ойын, яғни 8 наурыз күні сағат 18:00-де Армения сырт алаңда Даниямен кездеседі.
Топтағы шешуші матчта Қазақстан құрамасы 12 наурызда сырт алаңда Армениямен өзара мықтыны анықтайды. Бұл топтағы соңғы ойын және Еуро-2026-ға тікелей жолдама алатын команданы анықтайды.
Негізгі кезеңде өз топтарында бірінші орын алған он команда турнирдің финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады.
Сонымен қатар, екінші орын алған сегіз үздік команда 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған плей-офф ойындарының қалған жолдамалары үшін таласады.
Еуропа чемпионаты 2026 жылдың 18 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтеді. Турнирді екі ел – Латвия (Рига) және Литва (Каунас) қабылдайды