Қазақстан Жаңа Зеландияны ірі есеппен жеңді

314

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Ригада (Латвия) өтіп жатқан IIA дивизионындағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аясында екінші кездесуін өткізіп, 14:3 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстан Жаңа Зеландияны ірі есеппен жеңді Фото: icehockey.kz

Турнир 20-26 қаңтар аралығында Латвияның Рига қаласында өтуде.

Біздің құрама Қытайлық Тайпей, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Нидерланд және Латвия командаларымен бірге А тобында сынға түсуде. Бапкерлер штабы жарысқа 20 спортшыны іріктеп алды. Оның ішінде 2 қақпашы және 18 алаңдағы ойыншы бар.

Өкінішке қарай, алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Ұлыбританияға 1:3 есебімен есе жіберді. Бірінші кезеңде есеп ашылмаса, екінші кезеңде командалар бір-бір шайба соқты. Соңғы кезеңде қарсыластарымыз екі шайбаны қақапамызға дәл көздеп, жеңіске жетті.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы екінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландия құрамасын 14:3 есебімен ойсырата жеңді. Матч аяқталған соң осы ойында хет-трик жасаған құрамамыздың хоккейшісі Златоцвета Феоктистова пікір білдірді.

"Жақсы сезімдеміз. Ең бастысы жеңдік. Біздің осы ойынға иелік еткеніміз анық еді. Бірақ олар бізге үш гол соқты. Өйткені матч барысында біз аздап босаңсыдық. Келесі ойындарда бұған жол бермейміз",  деді Златоцвета Феоктистова.

Қазақстан – Жаңа Зеландия – 14:3 (5:0, 4:1, 5:2)

1:0 – 06:05 – Климова (Лившиц, Кишкеева)

2:0 – 10:30 – Муравьева

3:0 – 13:40 – Зубкова (Куклина) Г.М

4:0 – 16:30 – Раковская (Крухолская)

5:0 – 17:55 – Жұмаш

6:0 – 21:31 – Зубкова (Муравьева, Крухолская) Г.Б

7:0 – 27:49 – Куклина (Нигматулина, Емцева)

8:0 – 33:16 – Феоктистова (Куклина, Зубкова) Г.Б.

9:0 – 35:16 – Крухолская (Зубкова)

9:1 ​​– 39:30 – Холунд (Гордон)

10:1 – 39:54 – Феоктистова (Зубова)

11:1 – 45:14 – Муравьева (Куклина, Феоктистова)

11:2 – 48:26 – Беннеттс (Гордон)

12:2 – 56:48 – Маратханқызы (Емцева)

13:2 – 57:06 – Шуклина (Муравьева, Раковская)

14:2 – 59:23 – Феоктистова (Зубкова, Пивен)

14:3 – 59:29 – Гордон (Тунниклиф, Беннеттс)

Қақпашылар: Агеева (Павловская, 13:40-60:00) – Томас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу