Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Әйелдер арасындағы командалық жүгіру бәсекесінде Қытай құрамасы 3 минут 02.20 секунд нәтижемен үздік атанды.
Айта кетейік, конькиші Ақнар Адақ – Шынжаң өлкесі, Құтыби ауданында дүниеге келген.
Бұған дейін 2019 жылғы Қытай біріншілігінің 5 мың метрлік жарысында – алтын, 3 мың метрде – күміс алған.
Халықаралық жарыстарға да қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. 2016 жылы Қытайдың ұлттық құрамасына қабылданған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу