"Медикер" компаниясы 2021 жылғы қызметіне қатысты қорытындылар жасады.

8389

2022 жылғы 31 наурызда "Медикер" компаниялар тобының алқа отырысы өтті, онда 2021 жылғы қызметтің қорытындылары шығарылып, 2022 жылға арналған міндеттер айқындалды. Алқа онлайн тәртіптемесінде өтті.

"Медикер" компаниясы 2021 жылғы қызметіне қатысты қорытындылар жасады.

Алқа отырысына Медикер КТ барлық еншілес медициналық ұйымдары және компания басшылығы қатысты. Өткен жылдардағы стратегиялық даму бағыттарын іске асырудың негізгі қорытындылары баяндалды, күрделі мәселелер талқыланды және жаңа Даму стратегиясы шеңберіндегі бағыттар айқындалды.

Алқа отырысында соңғы жылдары ISO халықаралық стандарттарына сәйкестікке сертификатталған тиімді менеджмент жүйесінің арқасында компания эпидемиологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты сыртқы сын-қатерлерге қарамастан қызметтің барлық көрсеткіштері бойынша оң серпін көрсетіп отырғаны атап өтілді.

Барлық медициналық орталықтарда Ұлттық аккредиттеу сертификаттары бар, олардың 60%-ы 1 санатты иеленді. 2021 жылы компанияның медициналық қызметкерлермен жасақталуы 8%-ға өсті және кадрларды санаттау көрсеткіштері орта есеппен 10%-ға жақсарды. Бұған қызметкерлердің үздіксіз кәсіби дамуы үшін жасалған жағдайлар және қызметкерлерді әлеуметтік қолдау және ынталандыру шаралары ықпал етті. Компания қызметкерлері үшін оқыту семинарлары, біліктілікті арттыру циклдері, онлайн вебинарлар, ғылыми орталықтар мен медициналық жоғары оқу орындарының жетекші мамандарын тарта отырып, жұмыс орындарында тәжірибелік көмек көрсету арқылы көшпелі циклдер өткізіледі. Жыл сайын компания қаражаты есебінен қызметкерлердің 50%-ға жуығы білім алады.

Компания Қазақстанның денсаулық сақтау саласына белсенді түрде қаржы салады, халықтың білікті медициналық көмекке қолжетімділігін арттыра отырып, елдің барлық өңірлерінде, оның ішінде ауылдық жерлерде және өнеркәсіптік нысандарда медициналық инфрақұрылым жасайды. 2021 жылы Қызылорда қаласында заманауи жабдықтармен жабдықталған жаңа Медициналық орталық пайдалануға берілді. Сондай-ақ Алматы және Павлодар қалаларында ағымдағы жылы 2 жаңа медициналық орталықтың құрылысы аяқталып, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Медикер 4 МЖӘ жобасын 2019 жылдан бастап Атырау және Шымкент қалаларында сәтті жүзеге асыруда. Осы жобалар шеңберінде материалдық-техникалық базаны жақсартуға қаржы салынды, медициналық жабдықтар жиынтығы жаңартылды. Бұл шараларға салынатын қаржы көлемі бастапқыда жоспарда көзделгеннен едәуір асып түсті. МЖӘ-нің аралық қорытындылары қызмет көрсетілетін халық денсаулығының көптеген көрсеткіштері бойынша тұрақты оң серпін көрсетті. Сонымен қатар шешуді қажет ететін күрделі мәселелер көтеріліп, тиісті тапсырмалар берілді.

2021 жылы сақтандыру өнеркәсіптік медицина шеңберінде клиенттік желінің өсімі 7%-ға ұлғайды. Емдеу үдерісінің тиімділігін арттыру және оңтайландыру үшін өзіміздің IT өнімдерімізді әзірлеу үшін жаңа компания құрылды.  

Алқа отырысында тиімді бюджеттік және инвестициялық саясат Компанияның қаржылық тұрақтылығын сақтауға және оны дамытуға ықпал ететіні атап өтілді.

Даму болашағын анықтай отырып, Медикер компаниясының басшылығы өз емделушілеріне білікті медициналық қызмет көрсетуде және қызмет көрсетудің жоғары деңгейінде тұрақты көшбасшылық ұстанымдарға қол жеткізу бойынша міндет қойды. Бұған қоса, әлеуметтік қолдауды және компанияға жас мамандарды тартуды қарастыратын әлеуметтік бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ Медикер ауыл халқына мен шалғайдағы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту бойынша жобаны одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.

Қызметтің қорытындыларын шығару үшін жыл сайынғы алқа кеңесін өткізу тәжірибесі өз жұмысының тиімділігін талдау мен бағалауды жүргізуге ғана емес, сонымен бірге компанияны одан әрі дамытудың барынша оңтайлы жолдарын бірлесіп талқылауға және қабылдауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу