Министр мектеп директоры болғысы келетіндерге қатысты жаңалықты жеткізді

4284

Мектептерге директор тағайындау талабы күшейтіледі.

Министр мектеп директоры болғысы келетіндерге қатысты жаңалықты жеткізді Фото: Арман Мұхатов

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жалпы талап күшейтілді. Сондықтан мектептерде орын алып жатқан мәселелерді толыққанды шешу үшін және көптеген жаңалықтарды енгізу тұрғысында мектеп басшысының креативті әрі өте білікті болуы аса маңызды. Осыған қатысты Президенттің тапсырмасымен "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" бағдарламасын қабылдап, қазірдің өзінде 500 мектептің болашақ үміткерін даярладық, олар мектеп директоры бола алады. Бұл ретте, барлық жағдай қарастырылған, яғни ешбір конкурссыз тағайындалуы сондай-ақ жалақысының жоғары болуы ескерілген", – деді ол.

Оның айтуынша, директорлыққа үміткерлерді даярлаумен қатар, қазір қызмет етіп жатқан мектеп басшыларын да арнайы курстардан жаппай оқыту жұмыстары қолға алынып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу