Наурыздағы теңге бағамын дөп басқан кім?

20470

Abctv.kz наурыз айындағы доллар мен рубльдің теңгеге қатысты валюта болжамының дәлдігі бойынша шолуды ұсынады.

Наурыздағы теңге бағамын дөп басқан кім?

"Валюта болжамы" айдарының жарық көре бастағанына бір ай толды. Осынау қысқа мерзімге қарамастан, ол abctv.kz оқырмандары тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. Бұл кездейсоқтық емес. Қазақстандық салымшылар биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларына бағам айырмашылығында жинақтарының 1,9 млрд долларын жоғалтты (http://www.abctv.kz/kz/news/akpanda-kazakstandyktardyn-valyutalyk-shygyndary-ush-eselen ).

"Болжам есебі" атты жаңа қосымша айдарда abctv.kz валюталық болжам дәлдігінің айлық қорытындысын шығару дәстүрін қолға алмақшы. Ол наурыз айынан басталғалы отыр.

Шолуды жасау үшін доллар және рубль сияқы валюталарға қатысты Ұлттық банк белгілеген теңгенің ресми бағамының орташа апталық көрсеткіші қолданылды. Ал болжам мәндеріне келер болсақ, біз сарапшылары келер аптаға валюта болжамын жасаған әр компания бойынша орташа арифметикалық бағам баламасын пайдаландық. Осыдан барып орташа есептелген консенсус болжам жасалды, дәлдікті анықтауда біз осыған арқа сүйедік.

"Валюта болжамын" құруға қатысы бар аbctv.kz ұжымының таң қалысына орай,  дәл осы консенсус мән іс жүзіндегі ресми бағамға барынша жақын болды. Сыншылар наурыз айының соңында сәл ауытқушылықты байқауы мүмкін, бұл АҚШ ФРЖ мөлшерлемесінің жоғарылауын асыра бағалаудың салдары болуы әбден мүмкін. Әдеттегідей, abctv.kz болжамдардың өзін жариялауда және олардың дәлдігін бағалауда да тек ақпараттық сипатты басшылыққа алады. Төменде біз теңге бағамының іс жүзіндегі орташа апталық қозғалысы мен болжалған көрсеткіштерді қатар қойып, барынша дөп түскен ойыншыларды анықтауға тырыстық.

Субъективті пікірді ысырып тастап, одан әрі біз сіздердің назарыңызға теңге/доллар және теңге/рубль валюта жұптарына арналған екі диаграмманы ұсынамыз.  Мәселені толығырақ зерттеу үшін төменде наурыз айының барлық болжамдарын, іс жүзіндегі бағаммен салыстырылған abctv.kz-тің мәліметін таба аласыз.

Арман Жақып

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу