Назым Қызайбай алғаш рет Олимпиада ойындарына баратын болды

516

Мырзағали Айтжанов шәкірттері Олимпиадаға толық құраммен барады. 

Назым Қызайбай алғаш рет Олимпиада ойындарына баратын болды Фото: QazSport

Таиландта өтіп жатқан Олимпиадалық іріктеу турнирінің кезекті жарыс күні қазақстандық боксшылардан шаршы алаңға алғашқы болып Валентина Хальзова шықты. 75 келі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе жекте Хальзова колумбиялық Ширлейдис Оросконы 5:0 есебімен жеңіп, төртжылдықтың басты додасына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бангкоктағы лицензиялық турнирде Валентина Украина, Моңғолия және Колумбия боксшыларынан басым түсті.

Назым Қызайбай шешуші жекпе-жекте солтүстік кореялық Канг Су Хуангтан басым түсті. Кездесу тағдыры соңғы раунда шешілді. Қорытынды есеп — 5:0. Назым Қызайбай 50 келі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасына барады.

Сондай-ақ Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан ерлер құрамасы соңғы жолдамасын алды.  63,5 келі салмақта сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы шешуші жекпе-жекте молдовалық Александр Парасчивті 5:0 есебімен жеңді.  Осылайша, Мырзағали Айтжанов шәкірттері Олимпиадаға толық құраммен аттанады.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы 7 лицензия иеленді: Сәкен Бибосынов – 51 келі, Сабырхан Махмуд – 57 келі, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – 63,5 келі, Асланбек Шымбергенов – 71 келі, Нұрбек Оралбай – 80 келі, Айбек Оралбай – 92 келі, Қамшыбек Қоңқабаев — +92 келі.

Ал қыздара арасында Назым Қызайбай (50 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Валентина Хальзова (75 келі) лицензияға ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу