Нұрлан Смағұлов: "8 млрд теңгені қайтардым, қалғанын да өтеймін"

23523

Кәсіпкер БЖЗҚ қарызы, ТМД-дағы экспансия және MEGA желісінің жаңа форматы туралы айтып берді. 

Нұрлан Смағұлов: "8 млрд теңгені қайтардым, қалғанын да өтеймін"

Астанада Қазақстандағы коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығындағы ең ауқымды форумдардың бірі – "Commercial Real Estate Central Asia 2017" бастау алды. Нарықтың бұл бағытында қандай өзгерістер барын негізгі ойыншылар атынан Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов abctv.kz-ке айтып берді. 

"Біз жалға алушылардан 50% аз ақша аламыз"

Ірі ритейлерлік жобалар Қазақстанда он жылсыз өзін-өзі ақтай алмайды. Astana Group президенті Нұрлан Смағұловтың айтуынша, коммерциялық жылжымайтын мүлікке салынған инвестицияның 6-7 жыл ішінде қайтарылатын кезеңі әлдеқашан өтіп кеткен.

"Біз алғашқы сауда орталықтарын сегіз жыл ішінде өтеп алсақ, соңғыларына 16-20 жыл уақыт кетпек. Бұл – қарсы дауды қабылдамайтын шындық. Мұны тиімсіз қаржы моделі деп айту қиындау. Ал басқа моделін көріп тұрған жоқпыз. Өзін-өзі тез арада ақтайтын бизнес түрі – базарға контейнер апарып қою. Оны алты айдан соң сатып жіберіп, жұмсаған шығынды ақтап алуға болады. Бірақ бизнестің бұл түрінен сіз ешқандай ләззат та, қаржы да, пайда да таба алмайсыз. Үш-төрт жыл бұрынғымен салыстырғанда,  Mega Management қазір жалға алушылардан 50% аз ақша алады. Дағдарыстар, теңгенің құнсыздануы тұтынушылық сұранысты дүр сілкіндірді. Біз барлық мөлшерлемелерді қайта құрдық. Бұл – өмірдің шындығы. Оны осылай қабылдау керек және бұдан трагедия жасаудың да қажеті жоқ. Біз сауда орталықтарын дағдарыс уақытында саламыз. Себебі күшеюге, нығаюға уақыт бар", – деді ол CRE Central Asia 2017 коммерциялық жылжымайтын мүлік форумында. 

Деволомпенттегі бизнес көп ақшаны қажет етеді. Кәсіпкерлер коммерциялық жылжымайтын мүлік жобаларын іске асыру үшін қор нарықтарынан қаржыландыру іздеп, қаржы иниституттарымен келісіп жатады. Бірақ та бүгінгі күні банктерден үлкен қаржы алу қиын. ЕДБ бұл салаға бес жыл  мерзімге ғана несие береді деп атап кетті Astana Group басшысы. Осыған байланысты Қазақстан қор биржасына (KASE) шығуға шешім қабылданды. Mega Сenter Management акционерлік қоғамының қарапайым акциялары KASE-де "стандарт" категориясы бойынша листингтен өтті.

"Біз KASE биржасына шықтық. Әлі облигациямызды, акциямызды шығарған жоқпыз. Бүгінге дейін жарияланбаған компаниямыз. Барлық ашық есепті жариялаймыз, бірақ бізде менен басқа акционер жоқ. Мұның барлығы өзінің міндеттерін беруге дайын емес компанияның алғашқы иелері бар болғандықтан іске аспай отыр. Мысалы, мен өзімнің міндеттерімді табыстауға дайын емеспін. Бізде авторитарлық басқару, бірақ бұл дағдарыс кезінде тез шешім қабылдауға көмектеседі",– деп ойымен бөлісті ол.

Тамақтану орны көбірек ашылады

Урбанистика мен E-commerce-ні дамыту сауда орталықтарының жаңа форматын қалыптастырады. Mega Management СОО өзінің ойын-сауық аумақтары мен тамақтану орталықтарын 40%-ға дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Ритейлер өзінің тұжырымдамасын қала тұрғындарының сұранысы мен талғамына қарай өзгертуде.

"15%-ды фастфудқа бердік. Мысалы, MEGA Silk Way-де тамақтанатын 40 орын аштық. Оның ішінде керемет мейрамханалардан бастап, қарапайым дәмханаларға дейін бар. Бұл орындар әлі де жеткіліксіз деп есептейміз, яғни жалға берілетін орындардың  25%-ын тамақтану орындарын ашуға бермекпіз. Ал 30%-ды ойын-сауыққа, білім беру және әртүрлі әлеуметтік шараларға бөлдік. Мұны 40%-ға дейін өсіргіміз келіп отыр. Сонда шопинг жасайтын жерлер небәрі 50% ғана болады", – деді Нұрлан Смағұлов.

Қазақстандық СОО желілерінің иесі Астанадағы жаңа MEGA сауда кешенінде Legoland және Lego Education зообақ ашылады деп отыр. 

Ол электрондық коммерция дамыған кезде сауда орындарын кеңейту керек жоқ деп есептейді.

ТМД-ға "жорық"

Дегенмен компания Қазақстанда сауда желісін кеңейтуді көксемейді. Astana Group басшысы ТМД елдерінің нарығына көз салып отыр.

"Аймақтарға қатысты әңгіме доғарылды. Бізге өтініш көп түседі, алайда ол қалалардың ықшамдылығын ескергендіктен дайын емеспіз. Біз сауда-ойын-сауық орталығын тек Шымкент пен Ақтөбеде ғана салдық. Олар жап-жақсы жұмыс істеп тұр. Алайда ол жобалардан шығып кеттік, себебі сапалық тұрғыдан өсу үшін үлкен жобалар құру қажет. Қазіргі уақытта ТМД-ға көз салып отырмыз. Кәсіпкерлердің Қазақстанда табысқа жеткен жобаларын шетелерде жасауға ұмтылуы – қалыпты нәрсе. Біз көрші елдердің тұрғындарын таңқалдыруды көздеп отырмыз. Қазіргі мақсатымыз сол", – деді ол жоспарымен бөлісіп.

Алайда Достастық мемлекеттердің нақты қайсысына таңдау салғанын Смағұлов мырза құпия қалдырды.

"MEGA Silk Way" сегіз миллиард теңгені қайтарды"

Кәсіпкер "БЖЗҚ" АҚ-дан алып, басы дауға қалған 15 миллиард теңгенің мәселесіне нүкте қоймақшы.

"Оның соңында дүдамал сұрақтар қалмаса екен дедім. Зейнетақы қорына қатысты көп сынға ұшырағаным бар. "БЖЗҚ" АҚ-дан 15 миллиард теңге қарыз алғанбыз. Оны жылдық 18% -бен алғанымызды талай жерде айтып жүрдім.  Бұл үлкен сома. Жұрт ақшаны зауыттар мен фабрикаларға беру қажет дейді,  ал мен сол зауыттар мен фабрикаларды салдырған кәсіпкер ретінде ешбір зауыт бағамы тұрақты ұлттық валютамен жылдық 18,5% табыс таппайтынын айта аламын. Зейнетақы қорының мұнша ақшаны коммерциялық жылжымайтын мүлік нысандарына беруі – дұрыс шешім. Ондайға біздің қоғам дайын болмаса қайтеміз, біз қазір-ақ сол ақшаны қайтарып бере аламыз, осы уақыттың өзінде сегіз миллиард теңгені қайтардық. Енді қалған ақшаны қайтарудың қамындамыз. Әрі оны тез арада орындауға уәде еттім. Маған оны көп жылға берген болатын, бірақ оны мерзімінен бұрын қайтармақшымын. Әлемнің кез келген елінде  зейнетақының ақшасын түрлі жылжымайтын мүлік, оның ішінде коммерциялық қорларға беріп жатады. Ұзақмерзімдік ақша тартқан кезімде менің атыма жағымсыз сөз бағытталғанына әлі күнге дейін көңілім құлазиды", – деп ойын ақтарды Нұрлан Смағұлов.

Гүлназ Ермағанбетова, Динара Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу