Сәтқалиев: Оңтүстікте энергия тапшылығы болмауы үшін АЭС салу керек

5132

"Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев таяу уақытта оңтүстік өңірлердегі энергия мәселесін шешу үшін АЭС салу қажет деп есептейді. Мұны Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

Сәтқалиев: Оңтүстікте энергия тапшылығы болмауы үшін АЭС салу керек

"Электр энергиясын тұтыну мен өндірудің болжамды энергия теңгерімін негізге алсақ, таяу уақытта елдің оңтүстігінде ірі қуат көзін салуға көшу қажет", – деді Сәтқалиев.

Бұған дейін энергетика министрі қызметін атқарған Мағзұм Мырзағалиев "Самұрық-Қазына" қоры жанындағы жобалау тобы АЭС құрылысының екі локациясын – Алматы облысындағы Үлкен кенті мен Курчатов қаласын қарастырып жатқанын айтқан болатын. Бірақ түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ және құрылыстың өзі 10 жылға созылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу