Матч есебі 33-минутта Қытай ойыншысы Чжан Чэнжуйдің голынан кейін ашылды. Алайда өзбек жасөспірімдері қайсар мінез көрсетіп, ойынды өз пайдасына жазды. Садриддин Хасанов 45+1 минутта таразы басын теңестірсе, 86-минутта Асилбек Алиев жеңіс добын соқты.
Осы нәтижеден кейін Өзбекстан құрамасы Азия Кубогының ширек финалына мерзімінен бұрын жолдама алып қана қоймай, 2025 жылы Қатарда өтетін U-17 әлем чемпионатына қатысу құқығына да ие болды.
Қазір өзбекстандықтар екі матчтан кейін 6 ұпай жинап, А тобында көш бастап тұр. Бұл топта сондай-ақ Сауд Арабиясы, Таиланд және Қытай құрамалары бар.