Qazaq Oil екі жылдан аз уақыт ішінде табысқа қалай жетті

3962

Қазақстанда көлікке жанар-жағармай құятын бірнеше мың кешен бар. Тиісінше, олардың арасында бәсеке де қызу. Осы стансалардың жұмысында ең бірінші кезекте не маңызды? Ондағы жұмысшылармен қарым-қатынас қалай болуы керек? Қызметкерлер жоғары нәтижеге жеткізу үшін оларды қалай жігерлендіруге болады? Осы сұрақтардың бәріне Qazaq Oil өкілдері жауап берді. 

Qazaq Oil екі жылдан аз уақыт ішінде табысқа қалай жетті

Компания ребрендинг процесін жалғастырып келеді. Брендпен қатар, бүкіл менеджмент пен сервис өзгеріске ұшыраған. Республиканың түкпір-пүкпірінде орналасқан жанар-жағармай құю стансаларының бәрі де жаңартылған. Жанармай резервуарлары мен отын таратқыштары ауыстырылған. Көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың тізімі де артты. Мәселен, жанармай құю стансасында жүргізушілер сусындарды ғана емес, сонымен бірге жаңа піскен хот-догтар мен басқа да кондитер өнімдерін, ыстық кофені де сатып ала алады. 

"Біз клиенттеріміз үшін барымызды саламыз. Ол қызметімізді құрметпен көрсеткіміз келеді. Бір сөзбен, жұмысымызға жіті қараймыз. Бәлкім, сол себепті клиенттеріміз де аз емес", – дейді сауда менеджері Анастасия Короткова. 

Qazaq Oil мәліметіне қарағанда, бүгін де тұтынушылар жанармай құю стансаларының ыңғайлы жерге орналасуына, тамаша қызмет көрсетуіне, қызметкерлердің ізгі ниетіне ырзалығын білдіріп жатқанын айтады. Ал кәсіпорын халыққа жоғары деңгейде қызмет көрсету үшін барлық жағдайды жасауға тырысады дейді мамандар. Әрине, тауардың сапасына ерекше мән беріледі.

Қатаң бақылау

Зауыттан әкелінген жанармай стансаға жеткенше бірнеше рет тексеруден өтеді. Отын резервуар паркінің аумағына темір жол арқылы жеткізілген сайын зауыт пломбасы тексеріліп, өлшемдер алынады, көлемі, салмағы анықталады. Арбитраждық сынама алынады, отынның тығыздығы анықталады. Содан кейін ғана белгілі бір су қоймасына құйылады. Компания өнімнің сапасы жөнінде осылай дейді. Сонымен қатар әр жанармай құю бекеті ай сайын сапаны бақылау жағынан тексеріледі.

 "Біз өз жанармайымыздың сапасына кепілдік береміз. Дәл осылай мәлімдеме жасаудан жасқанбаймыз. Себебі бізде жанармай сапасы көп деңгейде тексеріледі. Бензин жанар-жағармай стансасына жеткенше қаншама тексеруден өтеді", – дейді компанияның PR-директоры Әсел Әлімханова.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы Qazaq Oil кешенінің 380 жанар-жағармай құю бекеті жұмыс істеп тұрғанын атап өту керек. Онда 4500 адам еңбек етеді.

Компания өкілдерінің айтуына қарағанда олар ең алдымен репутацияға және имиджге баса беретін көрінеді. Кадрларға баса мән беріледі. Компания әр қызметкерді ынталандыруға тырысады.

Бастысы – ынталандыру

Биыл компания "Чемпиондар лигасы" атты ерекше конкурс жариялады.

 "Стансалардың бәрі де премьер-лига, А лигасы, В лигасы, С лигасы, D лигасы және тағы басқа лигаларға бөлінді. Мысалы, премьер-лигаға мұнай өнімдерін сататын,хот-догтар, белгілі бір саудасы бар тұтыну тауарлары кіретін ірі жанармай құю стансалары кіреді. Қалғандарында саты төменірек. Мысалы, "D" лигасында тек мұнай өнімдерін сатады. Олар бір-бірімен бәсекелеседі. Біз бұл үшін тұтас IT бағдарлама әзірледік. Әріптестер күнде таңертең осы бағдарламаны тексеруден бастайды. Олар қарап, қай жанар-жағармай құю стансасының көш бастап тұрғанын көреді, нәтижені жақсартуға тырысады", – дейді компанияның PR директоры Әсел Әлімханова.

Ақпан мен сәуір айлары аралығында конкурстың алғашқы кезеңі өткен. Оның нәтижесі бойынша компанияның Өскемендегі филиалы қызмет көрсету мен сауда жағынан үздік атанған.

 "Филиал 24 жүлделі орынның жетеуін иеленді. Екі бірінші орын, үш екінші орын, екі үшінші орын белгіленді. Сонымен қатар екі аумақтық басқарушы бірінші және екінші орындарды жеңіп алды. Ақыры, Шығыс Қазақстандағы облыс орталығының филиалы жеңімпаз атанды. Чемпиондар лигасының бірінші кезеңінде бірінші орын иеленді. Сондықтан біз сіздермен мақтанамыз. Екінші кезеңде де жеңісті жоғалтпассыздар деп үміттенеміз. Ал біз өз кезегімізде олардың жақсы жұмыс істеуі үшін мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасаймыз. Ұжымның моральдық-психологиялық рухын көтеру үшін дамуға инвестиция салып, мүмкіндігінше барлығын ынталандыру керек", – деді Qazaq Oil-дың HR директоры Әнуар Бекназаров марапаттау рәсімі кезінде.

Шығыс Қазақстандағы жанар-жағармай құятын жеті стансаның командасына кубок, алғыс хат пен ақшалай сыйақы берілді. Алайда басты "сайыс" әлі алда

Байқаудың екінші кезеңі шілде мен қыркүйек аралығында өтеді. Екі кезеңде бірінші орын алғандар осы жылдың соңғы үш айында өтетін суперфиналға автоматты түрде жолдама алады. Қызмет көрсету деңгейіне қарай жанар-жағармай құю бекеттеріне баға беріледі. Ол үшін жанар-жағармай құю бекеттеріне жұмбақ сатып алушылар айына бірнеше рет келетіні атап өтілген. Оның қорытындысы жыл соңында шығарылады. 

Мұның ең керемет кезеңі – жеңімпаздарға сыйлық болмақ. Бірінші орынды жеңіп алған операторлар, кассирлер және жанар-жағармай құю стансаларының басшыларынан құралған команда компания есебінен шетелге, мүмкін Тайландқа, Египетке немесе Түркияға демалысқа барады. Екінші орын алған команда Қазақстандағы демалыс орындарының біріне жолдама алады. Үшінші орын алған командаға тұрмыстық техника сатып алуға 2 миллион теңгенің сертификаты табысталады. Бұл сома жанармай құю бекетінің жұмысшылары арасында теңдей бөлінеді. Дегенмен байқауда жеңіске жетпегендер де сыйлықсыз қалмайды, оларға сыйақы түріндегі ынталандыру сыйлықтары беріледі деп жоспарланып отыр. 

 "Шығыс Қазақстан облысында барлығы 32 жанар-жағармай құю бекеті. Өскемен, Семей және Аягөзде үш меншікті мұнай базасы бар. Біздің командалар жарысқа үлкен жауапкершілікпен қарады. Мұның өзі өте күшті ынталандыру, рухты көтеру, команда құру. Клиенттері көп ірі жанар-жағармай құю стансалары, үлкен сатылым ағыны бар премьер-лигада Семей қаласындағы жанар-жағармай құю стансасы 3-орынға, Өскеменде 2-орынға тұрақтады. "А" лигасында бірінші орынға Таскескен ауылындағы ЖҚС ие болды", – деді компанияның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Сұлтанбек Төлегенов.

Компания бәсекелестік рухы барын, мұның жемісі жоғары нәтижелерге апаратынына сенеді. Мұндай конкурстар – жұмысшыларды ерекше ынталандыратынын атап өту керек. 

Аян Бекенұлы 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу