Ресей-Беларусь шекарасында қазақстандық жүк көліктеріне қойылған тосқауыл алынды

962

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлім етті.

Ресей-Беларусь шекарасында қазақстандық жүк көліктеріне қойылған тосқауыл алынды Фото: speedcam.online

2024 жылдың 8 қаңтарынан бастап Ресей ФҚҚ Шекара қызметі шетелдік тасымалдаушыларға, соның ішінде қазақстандық тасымалдаушыларға Ресей-Беларусь шекарасын кесіп өтуге толық тыйым салған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сәйкесінше, Еуропадан Қазақстанға Беларусь Республикасының аумағы арқылы және оған қарсы бағыттағы барлық транзиттік жолдар жабылды.

"Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасында жедел келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде 2024 жылғы 12 қаңтарда қазақстандық тасымалдаушылар үшін "Езерище-Невель" (Лобок) шекара өткелі ашылды. Сонымен қатар, Қазақстан тарапы Еуразиялық экономикалық комиссияға бұл мәселені тосқауыл ретінде қарастыру туралы үндеу жолдады. Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында қазақстандық сарапшылар Ресей тарапының әрекеті ЕАЭО туралы шарттың қозғалыс еркіндігін қамтамасыз ету бөлігіндегі ережелеріне сәйкес келмейтінін дәлелдеді, бұл Еуразиялық экономикалық комиссияның тосқауыл белгілерінің болуы туралы қорытындысымен де расталды. Консультациялардың қорытындысы бойынша ресейлік тарап Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы үкіметтері арасындағы визаларды өзара тану туралы келісім аясында шектеуді алып тастау туралы шешім қабылдады",  делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, бұл Келісім шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Ресей-Беларусь шекарасы арқылы, оның ішінде бұрын тек Ресей мен Беларусь азаматтары үшін ашық болған жер учаскесін кесіп өту тәртібін реттейді.

"Осылайша, бүгінгі таңда қазақстандық тасымалдаушылардың РесейБеларусь шекарасынан өтуі үшін 6 бақылау-өткізу пункті ашық (Юховичи  Долосцы, Езерище  Невель, Лиозно  Кругловка, Редьки  Красная Горка, Звенчатка  Дубовичка, Селище  Новозыбков). Биыл 25 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссия ресейлік тарап аталған Келісімнің 2025 жылғы 11 қаңтарда күшіне енуіне байланысты ағымдағы шектеуді алып тастау туралы ақпарат жібергенін ресми түрде хабарлады. Бүгінгі таңда қазақстандық бизнес осы алты бағыт бойынша өткізу пункттерінен емін-еркін өте алады",  деп атап өтті ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу