Ресей энергия тапшылығына ұшыраған аймақтарда криптовалюта өндірісіне шектеу қойды

565

Өйтпеген жағдайда Сібір мен Украинаның бірнеше аймағы қыста жарықсыз, жылусыз қалуы мүмкін. Сонымен қатар, Ресей майнерлерден жүздеген миллиард рубль салық жинауды жоспарлап отыр. Ал Қазақстан криптокеншілерден киловатт-сағат үшін бірнеше жыл бұрын ақы ала бастаған. 

Ресей энергия тапшылығына ұшыраған аймақтарда криптовалюта өндірісіне шектеу қойды Фото: Флот.ру

Ресей қыста электр қуаты тапшылығына жол бермеу үшін Сібірдің бірнеше аймағында криптовалют өндіруге тыйым салды және Украинаның аннексияланған аймақтарында (Қырым, Запорожье, Херсон, Луганкс, Донецк) да осындай шектеу қойылып отыр. Мұны сейсенбіде үкіметтік комиссия хабарлады.

Бұл тыйым қыс айларында Байкал көлінің маңындағы үш аймақта күшіне енеді. Ол жақтарда соңғы жылдары криптовалюта өндірісі ең алдымен ірі су электр станциялары өндіретін электр энергиясының арзандығына байланысты өркендеген екен.

Украинаның аннексияланған аудандарына келсек, 2022 жылы Ресей өз күштерін жібергеннен бері оларда энергетикалық инфрақұрылымның көп бөлігі жойылып, электр қуаты тапшылығы айқын сезіліп отыр.

Ресми есептерге сәйкес, Ресейде криптовалюта өндірісіне жыл сайын 16 миллиард киловатт-сағат немесе елде тұтынылатын электр энергиясының шамамен 1,5%-ы жұмсалады. Осының нәтижесінде климаты қатал аймақтарда  қиыншылықтар туындап отыр.

Америка Құрама Штаттарымен, Қытамен, Қазақстанмен және Канадамен бірге Ресей криптомайнинг бойынша әлемде көшбасшы елдер қатарында тұр. Биыл Ресей бұл қызметті реттейтін жаңа заң шығарып, майнерлерден жылына 200 миллиард рубльге дейін (2 миллиард доллар) салық жинауды жоспарап отыр.

Биткоин тәрізді криптовалюталар энергияны пайдаланып, атомосфераны ластайтын қалдықтар тарататын есептеуіш қуатымен өндірілетіні белгілі.

GSLT мәліметіне жүгінсек, 2022 жылы Қазақстан криптокеншілерден киловатт-сағат үшін 1 мен 25 теңге аралығында төлем алуға көшті. Ал Халықаралық валюта қорының есебінше, электр энергиясын бір кВт/сағ үшін 0,045 АҚШ долларына пайдаланғаны үшін алынатын жаһандық салық 5,2 миллиард долларға жетуі мүмкін.

Осы қордың өзге бір зерттеуі көрсеткендей, криптовалюта саудасынан алынатын 0,1% мөлшеріндегі алым бюджетке 15,8 миллиард доллар, ал 20 пайыздық құн салығы 323 миллиард доллар әкелуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу