Сақтандыру табыс әкеле бастады

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
20064

Сақтандыру компаниялары 2018 жылдың I тоқсанында таза пайда 11 есе өскені туралы есеп берді. 

Сақтандыру табыс әкеле бастады

Сақтандыру сыйақылары жыл басынан бері 2,3 есе өсіп, 1 сәуірде 107,8 млрд теңгеге жетті. Егер былтырғы жылдың өсу қарқынымен салыстыратын болсақ, онда көрсеткіш төмен, небәрі 2,3%. 2017 жылдың 1 сәуірінде сақтандырушылар 104,9 млрд теңге жинаған болатын. Бұған Ұлттық банктің дерегі дәлел.  

Қайта сақтандыру келісімшарты бойынша қабылданған сыйақылар бұрынғыша нарықтың түпкілікті көлеміне әсер етеді. Қайта сақтандыру келісімшарты бойынша 12 млрд теңге (2017 жылдың қаңтар-наурызында 7,9 млрд теңге) қабылданған. Сыйақының көлемі өткен жылы 96,9 млрд теңге,  биыл 95,7 млрд теңге болған. Бұл сыйақының төмендегенінің нақты көрінісі.

Қайта сақтандыру келісімшарты бойынша, сыйақы ішкі нарықта 5,7 млрд теңге жинаған. Бір қызығы, оның көлемі 2017 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 1,9 млрд теңгеге өскен. Қайта сақтандырудың сыртқы келісімшарты бойынша қабылданған сыйақы сомасы 6,2 млрд теңгені (2017 жылдың I тоқсанында 4,1 млрд теңге) құрап, жергілікті нарықтың шетелдік тәуекелдерді қабылдау бойынша қайта сақтандыру мүмкіндігінің төмен екенін көрсетті. Қазақстанда толыққанды қайта сақтандырумен тек ірі мүліктік тәуекелдермен жұмыс істеп, қайта сақтандырудың негізгі кіріс және шығыс көлемін қалыптастыратын кейбір компаниялар ғана айналысады.

Жалпы өткен тоқсанда қайта сақтандыру тақырыбы айтарлықтай қызықты болды. Өздерінен тәуекел мен төлемнің жартысын алып тастау үшін сақтандыру ұйымдары 32 млрд теңгені қайта сақтандыруға берді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 8,4 млрд теңгеге аз. Сонымен қатар шетелдік қайта сақтандырушыларға берілген сыйақы 10 млрд теңгеге, яғни 36,4 млрд теңгеден 26,3 млрд теңгеге қысқарды.

Сақтандыру класы бойынша сақтандырушылар мүліктік тәуекелді 3,5 млрд теңгеге (абсолютті сан 11,9 млрд) аз қайта сақтандырған және азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің (АҚЖ) тәуекелін 1,6 есе кем (12,7 млрд теңге 7,7 млрд теңгенің орнына) сақтандырған. Соманың барлығы толық көлемде шетелдік қайта сақтандырушыларға берілген.Есесіне I тоқсанда жұмыскерлерді жазатайым жағдайдан міндетті сақтандыру бойынша шетелге берілген сыйақы артты. Ол бір жыл бұрын 1,2 млрд теңге болса, осы жылы 1,8 млрд теңгені құраған. Алайда сыйақы сомасы небары 30% ғана болған, негізгі қайта сақтандыру көлемі нарықтың ішінде қалған.  

Тағы бір қызық мысал – сыйақылар мен қаржылық шығыннан сақтандыру бойынша қайта сақтандырудың өсіп жатқаны. Қаңтар-наурызда жиналған барлық сыйақы  немесе 1,5 млрд теңге бейрезидент арқылы жіберілген.

2018 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша сақтандырушылар өз балансында 7,8 млрд теңге таза сыйақы қалдырған, бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 11,3 млрд теңгеге көп. Статистика жақсы қаржылық көрсеткіштермен байланысты ішкі қайта сақтандыруды күшейту тұрақты трендті көрсетіп отыр.

Біріншіден, компаниялардың жалпы сақтандыру бойынша капиталының өтімділігі 2017 жылдың қорытындысы бойынша13% болған, бұл компаниялар нәтижесінің жоғарғы көрсеткіші болып табылады. Екіншіден, шоғырландыру деңгейі жоғары екені байқалды, яғни жалпы сақтандыру бойынша бес ірі сақтандырушы компания (25 компаниядан) сыйақының 58%-ын жинайды, ал өмірді сақтандыру бойынша жұмыс істейтін үш ірі компания сыйақының 94%-ын қалыптастырды. Бұл ретте сақтандырушылардың бірігу процесі жалғасады.

Үшіншіден, сарапшылардың бағалауынша, онлайн-сақтандыруды енгізу нарықтың клиенттерді тартуға кеткен шығынын қысқартуға, оның ішінде агенттерге төленетін комиссия көлемін төмендетуге тиіс. Жоғарыда айтылғандарды ескеретін болсақ, сыртқы қайта сақтандыруды қысқарту толығымен ақталған, алайда нарықтың ішіндегі жергілікті сыйақыларды қайта сақтандыру себебі анық емес.

Осының негізінде сақтандыру келісімшарты бойынша жиналған алғашқы сыйақы көлемі өскен жоқ, керісінше өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тіпті қысқарған. Ұлттық банктің статистикасы компаниялардың осы тұрғыдағы қайта сақтандыруының егжей-тегжейін ашып көрсетпегендіктен, мұндай көлемдер қаншалықты нарықтық болатынын айту қиын.

Сақтандыру ұйымдарының I тоқсандағы қаржылық жұмысы қорытындысына тоқталар болсақ, онда бұл арада сақтандырушылар сақтандыру қызметінің табысын 6,1%-ға өсіріп, 63,6 млрд теңге көлемінде пайда көрген кезеңдер маңызды. Нарық қатысушылары инвестициялық қызмет есебінен қосымша табыс көрді.

2017 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша шығынға жыл басындағы инвестициялық қызмет қарама-қарсы болып сақтандырушыларға 6,7 млрд теңге табыс әкелді. Қаржылық құралдарға салынған инвестиция 13 млрд теңге табыс табуға көмектесті, оның 8,2 млрд теңгесі борыштық құнды қағаздардың купондық төлемі бойынша алынды, ал 4,8 млрд теңге банктерде орналастырылған салымдар бойынша 1 млрд теңге қаржылық активтермен жасалған операциядан түскен.

Бұл жерде сақтандыру компанияларының инвестициялық портфеліндегі басымдықтардың орны ауысқанына мән беру керек. Банк салымдарының үлесі бекітілген табыс бар ұзақмерзімді құралдар мен қаржылық активпен жасалатын операция пайдасына қысқарды. Бұл түзетуге банк секторындағы тұрақсыздықтың жаңа толқыны айтарлықтай көмек болды, сондай-ақ реттеушінің базалық мөлшерлемені одан әрі төмендету бойынша жоспары да септігін тигізді. Бұл инвесторларға орташа мерзімді келешекте табыстылықты белгілеуге ынталандырады.

Компанияның активтерінің жартысы доллармен салынғандықтан, валюта тәуекелі сақтандыру секторы үшін маңызды мәселе болып қала береді. Теңгенің долларға қатысты бағамы сақтандырушыларға не пайда, не шығын әкеледі.

Доллардың төмен болуы I тоқсанда валютаны қайта бағалаудағы шығынды қаңтарда 6,1 млрд теңгеден наурызда 9,9 млрд теңгеге өсіріп, сыйақыны (13 млрд теңге) алуға байланысты барлық табысты "жеп" қойды. Бұл ретте сақтандырушылар валюталық тәуекелді өздеріне аз қабылдайтыны екіталай шаруа.

РЕПО операциялары 53\92 млн теңгеден 914 млн теңгеге дейін (2017 жылдың қаңтар-наурызынан 2018 жылдың қаңтар-наурызы бойынша) өсті, сонымен бірге сауда портфелін 116 млн теңгеден 894 млн теңгеге дейін қайта бағалаудан алынған табыс және төлегенге дейінгі қағазды 503 млн теңгеден 1,1 млрд теңгеге дейін қайта бағалау – сақтандырушыларға көмек болады. нарықтың табысы бір жыл бұрынғы 58,8 млрд теңгемен салыстырғанда 71,2 млрд теңге болды.

Сақтандыру ұйымдарының жиынтық шығысы I тоқсанда 1,3 млрд теңгеге, 56,2 млрд теңгеге дейін өскенін көрсетті. Сақтандыру төлемдері бойынша таза шығыс былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткішке қарағанда 1,3 млрд теңгеге  қысқарған. Оның орнына сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлемдері бір жыл бұрынғы 9,6 млрд теңгемен салыстырғанда 12,6 млрд теңгеге өсті. Сондай-ақ сақтандыру келісімшартын бұзуға байланысты шығыстар 4 млрд теңгеден 6 млрд теңгеге дейін жетті. Бір жыл ішінде сақтандыру саласының әкімшілік және жалпы шығысы 14,8 млрд теңгеден 17,7 млрд теңгеге дейін өскен.

Дегенмен сақтандыру ұйымдарының тоқсандық табысы 3,8 есе, яғни 3,9 млрд теңгеден өткен жылғы 14,9 млрд теңгеге дейін өскен. Сақтандыру ұйымдарының салықтарды төлегеннен кейінгі таза табысы 2018 жылдың I тоқсанында 12,7 млрд теңге болып, өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 11 есе асып кетті.

Гүлназ Ермағанбетова, Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу