Шавкат Рахмоновтың UFC-ге қашан оралатыны белгілі болды

657

Аты әлемге мәшһүр қазақ файтері UFC-ге қайта оралуға дайын. 

Шавкат Рахмоновтың UFC-ге қашан оралатыны белгілі болды Фото: Жеке парақшасынан

Жарақатына байланысты біраз уақыт үзіліс алған Шавкат Рахмонов (19-0) UFC-ге оралуға дайын.

Оның UFC-ге қайта оралуы 2025 жылдың күзіне, шамамен қазан айына жоспарланып отыр.

Бұл туралы оның бапкері Эдуард Базров мәлімдеді.

– Шавкат Алматыда жаттығып жатыр. Қазірдің өзінде белгілі бір жүктемелер алып жатыр. Оң өзгерістер бар. Толыққанды жаттығу жасап жүр. Октагонға қайта оралуын күзге, шамамен қазан айына жоспарлап отырмыз. Қазір уақытты босқа өткізуге болмайды. Уақыт өтіп жатыр, жаңа спортшылар шығып жатыр. Белал Мухаммад пен Джек Делла Маддалена арасындағы чемпиондық жекпе-жекке келсек, менің ойымша, Белал Мухаммад жеңеді. Осыдан кейін біз жоспарлағанымызды жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Шавкат чемпиондық жекпе-жек өткізгісі келеді, – деді Базров.

Бастапқыда Шавкат Рахмонов UFC 315 турнирінде ұйымның чемпионы Белал Мухаммадпен чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуі керек еді. Алайда жарақатына байланысты бұл кездесуден бас тартуға мәжбүр болды.

Оның орнына бұл жекпе-жекке Джек Делла Маддалена шақырылды. Енді Белал Мухаммад пен Джек Делла Маддалена чемпиондық атақ үшін күш сынасады, ал Шавкат Рахмонов өз кезегін күтеді.

Шавкат Рахмонов өзінің басты мақсатын жасырмайды. Ол UFC чемпионы болғысы келеді. 19 жеңіспен, бірде-бір жеңіліссіз рекордқа ие ол қазіргі таңда жартылай орта салмақтағы ең қауіпті қарсыластардың бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу