Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Петр Гамидов алдағы әлем чемпионатында (Бейжің, Қытай) ел намысын қорғайтын спортшылардың есімдерін атады.
Маманның айтуынша, құрамаға 10 спортшы енген. Жүлде үшін таласатын спортшылар: Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко, Яна Хан, Зейнеп Кумарқан, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Алина Әжғалиева.
Қазіргі таңда құрама Астанада соңғы дайындықтарын өткізуде. Команда 8 наурыз күні Бейжіңге аттанады.
Жарыстар ерлер мен әйелдер арасындағы жеке қашықтықтар мен эстафеталарды қамтиды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы әлем чемпионатында Денис Никиша 500 метрлік қашықтықта күміс жүлдеге ие болды.
Ол шорт-трек бойынша ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.