Странджа турнирі: 17 қазақстандық боксшы бүгін шаршы алаңға шығады

600

Бокстан Қазақстан құрамасының көшбасшылары 24 ақпан – 2 наурыз аралығында Болгарияда өтіп жатқан Странджа турниріне қатысуда. 

Странджа турнирі: 17 қазақстандық боксшы бүгін шаршы алаңға шығады Фото: boxingkazakhstan

Бүгін Странджа турнирінде Қазақстан үшін өте маңызды жарыс күні. Себебі бірден 17 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. Ал, тағы бір боксшымыз Махмұд Сабырхан денсаулығына байланысты жекпе-жекке қатыса алмайтын болды. 

"Махмұд Сабырхан (54 келі) дәрігер шешімімен Странджа халықаралық турнирі аясындағы бүгінгі жекпе-жегіне шықпайтыны белгілі болды. Тағамдық инфекция. 3-наурызға дейін жарыстарға қатыспайды, делінген медициналық анықтамада", – деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Осылайша, бүгін рингте Төрехан Сабырхан, Санжар Ташкенбай, Теміртас Жүсіпов, Серік Теміржанов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Абылайхан Жүсіпов және басқа да мықты спортшылар өнер көрсетеді.

Күндізгі сессия (17:00, Қазақстан уақытымен):

Ринг A

48 кг: Санжар Ташкенбай – Луис Руни (Ирландия), 1-жұп

51 кг: Даниял Сабит  Давит Джапаридзе (Грузия), 3-жұп

60 кг:Талғат Сырымбетов  Тинко Банабаков (Болгария), 6-жұп

63,5 кг: Ертуған Зейнұллинов  Руслан Рустамов (Әзербайжан), 8-жұп

75 кг: Сабыржан Аққалыков  Ремо Сальватти (Италия), 9-жұп

80 кг: Азамат Бектас  Лаки Аймуфуа (Австрия), 11-жұп

Ринг B

48 кг: Теміртас Жүсіпов  Субхан Мамедов (Әзербайжан), 2-жұп

60 кг: Серік Теміржанов – Райс Оуэнс (Ирландия), 5-жұп

63,5 кг: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы  Джейсон Невин (Ирландия), 7-жұп

75 кг: Тимур Нұрсеитов  Расим Чобанлы (Әзербайжан), 9-жұп

80 кг: Ерасыл Жақпеков – Джеймс Уэлан (Ирландия), 12-жұп

Кешкі сессия (20:30):

Ринг A

54 кг: Тимур Қабдешов – Ма Син Мин (Қытай), 2-жұп

57 кг: Оразбек Асылқұлов  Оуэн Харрис-Аллен (Уэльс), 3-жұп

67 кг: Төрехан Сабырхан – Лаша Гогнидзе (Грузия), 6-жұп

71 кг: Абылайхан Жүсіпов – Алексей Ширяев (Украина), 8-жұп

Ринг B

67 кг: Санатәлі Төлтаев  Демур Каджая (Грузия), 5-жұп

71 кг: Фарух Тоқтасынов  Сархан Алиев (Әзербайжан), 8-жұп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу