Трамп Қытайға бір күн уақыт берді

4144

Егер Қытай америкалық тауарларға 34% баж салығын салудан бас тартпаса, АҚШ әкімшілігі Бейжіңге қарсы қосымша 50 пайыздық баж салығын енгізбек. 

Трамп Қытайға бір күн уақыт берді Фото: kleinezeitung.at

Бұл туралы дүйсенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Егер Қытай баж салығын 34%-ға арттыру идеясынан бас тартпаса, онда 2025 жылдың 8 сәуірінде АҚШ Қытайға қатысты қосымша 50 пайыздық баж салығын енгізеді", – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Мұндай жағдайда Қытай импортына енгізілетін тарифтердің жалпы мөлшері 104% болмақ. Ақ үй басшысы қосымша салық 9 сәуірден бастап күшіне енетінін айтты.

Дональд Трамп Бейжің өз райынан бас тартпаған жағдайда, екі ел өкілдерінің кездесулері бойынша барлық келіссөз тоқтатылатынын атап өтті. Осы тұста басқа елдермен қосымша баж мәселесіне байланысты келіссөздер "дереу өтетінін" мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу