Ұлттық қордан LRT құрылысына 52,4 млрд теңге тартылған

558

Құрылысы ұзаққа созылған жобаны аяқтау мәселесі елорда әкімдігінің құзырына кіреді.  

Ұлттық қордан LRT құрылысына 52,4 млрд теңге тартылған Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Көлік министрі Марат Қарабаев Ұлттық қордан LRT құрылысына 52,4 млрд теңге ақша тартылғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер "Ұлттық экономика вице-министрі Ұлттық қордан LRT құрылысына 52,4 млрд теңге тарттық деп отыр. Неге бірден қордан ақша тарттыңыздар? Инвестор тартуға болмас па еді?" деп сұрады.

"LRT-ның құрылысына біздің министрлік жауапты емес. Бұл мәселемен әкімдік айналысады. Көлік министрлігі болғандықтан, республикалықтан қаржы алу тетігінің бірі – министрлік арқылы алу. Сұрағыңызды түсіндім. Биыл аяқталуға тиісті (жобаға) қаржы қосымша бөлініп жатыр. Бірақ оның қай қаржы көздері, қандай инвесторлармен сөйлесті – оның бәрін жергілікті атқарушы орган жүргізді. Сондықтан ол жағынан мәліметім жоқ", – деді Марат Қарабаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу