Зейнетақы қорындағы ақша 10 трлн теңгеден асты

21477

Ұлттық банк зейнетақы қорындағы ақшаға АҚШ мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алды.

Зейнетақы қорындағы ақша 10 трлн теңгеден асты

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестициялық портфельді сақталуы мен кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған әртараптандыру мақсатында зейнетақы активтері валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланды, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Бас банктің мәліметінгше, 2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 10 172,3 млрд теңгені құрады. Соның ішінде ақша қаражаты және теңгеге номинирленген қаржы құралдары 6 605,0 млрд теңгені немесе 64,9%-ды, шетел валютасына номинирленген қаржы құралдары 3 567,3 млрд теңгені немесе 35,1%- ды құрады.

Ұлттық валютадағы активтер

БЖЗҚ-ның теңгемен ұсынылған зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес жыл сайын мақұлдайтын бағыттар шеңберінде ғана инвестицияланады, деп жазады бас банк.

2019 жылғы шілдеде теңгемен ұсынылған  зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 220,2 млрд теңге болды, оның ішінде:

- орташа алынған кірістілігі жылдық 8,6%-бен 144,4 млрд теңге сомаға ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ;

- жылдық 1,0% мөлшеріндегі инфляцияға тең кірістілікпен және сыйақымен 30,0 млрд теңге сомаға Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің облигациялары;

- кірістілігі жылдық 1,5%-бен 5,20 млрд. теңге сомаға Азия Даму Банкінің облигациялары.

- кірістілігі жылдық 10,3%-бен 30,0 млрд. теңге сомаға "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-тың облигациялары;

- кірістілігі жылдық 10,3%-бен 10,6 млрд. теңге сомаға "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ-тың облигациялары сатып алынды;

Сонымен қатар, 1 жыл мерзімге, кірістілігі жылдық 8,0%-бен, көлемі 350,0 млрд теңге USD/KZT валюталық айырбас  мәмілесі жасалды. Осы мәміле шеңберінде БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінің портфеліне 912,2 млн АҚШ доллары сатып алынды, олар өз кезегінде, ақша нарығының құралдарына инвестицияланды.

Осылайша, валюталық айырбас  мәмілесінен болған кірістілік шамасы жылдық 10,0%-ды құрайды.

Теңгемен бос ақша қаражаты ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылған. Бұл ретте осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады, деп жазады Ұлттық банк. 

Теңгемен өтеу және сату.

2019 жылғы шілдеде мынадай қаржы құралдары сатылды:

- "Нұрбанк" АҚ-тың облигациялары 9,8 млрд. теңге сомаға;

- "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ облигацияларының бір бөлігі 4,1 млрд теңге сомаға сатылды.

Қарастырылып отырған кезеңде бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектілерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес 3,3 млрд. теңге және 14,8 млрд. теңге сомаға тиісінше "Kaspi Bank" АҚ-тың облигациялары және ҚР Қаржы министрлігінің облигациялары бойынша негізгі борышты өтеу жүргізілді.

Сондай-ақ банктік салым шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес ҚР ЕДБ депозиттері бойынша негізгі борыш жалпы сомасы 1,16 млрд теңгеге мерзімінен бұрын ішінара өтелді.

Шетел валютасындағы активтер

БЖЗҚ-ның шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтері БЖЗҚ-ның Инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық активтердің жалпы құрылымына және инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестицияланады.

Бас банктің мәліметінше, 2019 жылғы шілдеде шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 283,3 млрд теңге болды.

Аталған қаражатқа жылдық 2,0% орташа алынған кірістілікпен АҚШ Үкіметінің МБҚ сатып алынды.

Қарастырылып отырған кезеңде шетел валютасымен бос ақша қаражаты "А-"- тен төмен емес рейтингтік бағасы бар шетел банктерінің қысқа мерзімді депозиттеріне орналастырылды. Бұл ретте осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.

2019 жылғы шілдеде бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектілерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес 237,9 млрд. теңге сомаға АҚШ Үкіметінің МБҚ бойынша негізгі борышты өтеу жүргізілді, сондай-ақ 348,9 млрд. теңге жалпы сомаға АҚШ Үкіметінің МБҚ сатылды.

2019 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 396,3 млрд. теңгені құрады. 2019 жылдың басынан бастап зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 3,77% болды. Бұл ретте 2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2018 жылғы тамыз – 2019 жылғы шілде аралығы) зейнетақы активтерінің кірістілігі 5,4% мөлшердегі инфляция кезінде 9,65%- ды құрады. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 4,25%-ды құрады.

Аслан Қажен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу