Жаңа жылдан бастап "ІnDriver" көліктеріне талаптар күшейеді

1805

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында Көлік және Ішкі істер министліктерімен және "ІnDriver", "Яндекс" такси қосымшаларының басшылығы арасында өзара Меморандум жасалған болатын.

Жаңа жылдан бастап "ІnDriver" көліктеріне талаптар күшейеді Фото: sputnik.kz

Меморандумға сәйкес 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап "ІnDriver" такси қосымшасына басқа мемлекетте тіркелген, басқару құрылғылары оң жақта орналасқан және ҚР Заңнамасын жиі бұзатын автокөліктерге тіркелуге шектеу қойылады.

"Соңғы кездері жүргізушінің тынығу режимі бұзылуы, рейс алдында медициналық және механикалық тексеруден өтпей, міндетті сақтандырусыз жолаушылар тасымалдауының салдарынан жол апаты көбейді. Олардың елеулі бөлігі "InDriver", "Яндекс" такси жүргізушілері. Елімізде осы такси бағдарламасын мобильді қосымшаға тіркеу арқылы қаншама көлік жолаушылар тасымалдап жатыр. Алайда ол азаматтар ҚР Ұлттық стандартындағы такси тасымалдаушыларына және қызмет көрсететін такси автокөліктеріне қойылатын талаптарына сәйкес келмейтін автокөліктермен жолаушылар тасымалдайды", – дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу