Жәнібек Әлімханұлы Астанада жекпе-жек өткізуі мүмкін

317

Top Rank Әлімханұлына лайықты қарсылас тапқан сыңайлы. 

Жәнібек Әлімханұлы Астанада жекпе-жек өткізуі мүмкін Фото: Жеке парақшасынан

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (16-0) келесі жекпе-жегі 5 сәуірде өтеді деп жоспарлануда.

Top Rank компаниясы ұйымдастыратын бұл турнирдің ықтимал өтетін орындарының бірі ретінде Астана қаласы қарастырылуда. 

Жәнібек Әлімханұлы Қазақстанның мақтанышы ретінде әлемдік аренада қазақ боксының абыройын көтеріп жүрген спортшы. "Qazaq Style" лақап атымен танымал Жәнібек қазақтың рухын рингте көрсетуге тырысады және ерекше техникалық шеберлігімен, дәлдігімен, жойқын соққылармен танымал.

Ендігі кезекте былғары қолғап шебері Астанада бокс кешін ұйымдастырар болса, бұл жанкүйерлер үшін тамаша жаңалық болар еді. Жәнібектің командасынан ресми ақпарат күтеміз.

Айта кетейік, Әлімханұлының соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың қазан айында жаңа зеландиялық Андрей Михайловичке қарсы өткен болатын. Сиднейде (Австралия) өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу