Жасанды интеллект қалай қазақыланбақ

801

Жасанды интеллект тақырыбы жаһанның бағдарына айналғалы Қазақстан да көштен қалғысы келмегендей көптеген істерді қолға алуда.  

Жасанды интеллект қалай қазақыланбақ Фото: Ult.kz

Тіпті, былтырдан бастап ЖИ-ді нормативтік тұрғыда реттеу жөнінде әңгімелер шықты. Әрине, біз бұны теріс қадамға санамаймыз, себебі қазір әлемде 120-дан астам ел заңнамалық акті қабылдап үлгерген. Яғни, ЖИ-ға қатысты бізде де мемлекеттік саясат қалыптаспақ. Үкімет  "Жасанды интеллектіні дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын" қабылдағанын білеміз. Сонымен, Қазақстан жасанды интеллектті қай бағытта пайдаланбақ, елдегі мамандар жаңа зейінді тиімді басқара ала ма?

ЖИ да өндіріс қатарына қосылады

Қазір Қазақ­стан үкіметі ЖИ дамыту және цифрлық ортаны құ­қықтық реттеу мә­селелері бойынша заң жобасын әзірлеуді бастап кетті. Бұған қоса, салаға қатысты инфрақұрылымды дамыту үшін елімізде суперкомпьютерді орналастыру, деректерді өңдеу орталық­­тарын салу, Ұлттық ЖИ платформасын құру мен талшықты-оптикалық бай­­ланысты дамыту көзделген. Бір сөзбен айтсақ, үкімет жасанды ин­теллект арқылы көптеген істі автоматтандыруға болады деп есептейді. Мәселен, өндірістік процестер, денсаулық сақтау саласындағы рисктер, төтенше жағдай болжамдары мен кибершабуылдарды жаңа зейін шешетініне сенімді. Мемлекеттік басқару, мұнай-газ, тау-кен өндіру, энергетика, көлік, логистика, сумен жабдықтау және ауыл шаруашылығы саласындағы табиғи монополия субъек­тілері де қамтылмақ. Әйтеуір жоспар бойынша еліміз 2029 жылға қарай жасанды интел­лектіні қолданып жасалған өнімдер санын 5 есеге өсіріп, IT экспортын 5 млрд долларға жеткізуге тиіс екен.

Осы күні елімізде Жа­санды интеллект және иннова­циялар комитеті жұмыс істеп жатқаны белгілі. Ведомствоның міндетіне есеп­теу қуаттары бар инфрақұрылымды құру, қазақ тілі моделі KazLLM құру, жасанды интеллектті қауіпсіз, жауапты және этика­лық пайдалануға жағдай жасау, жасанды интеллектті салаларға енгізу, сондай-ақ адами капиталды дамыту кіреді. Дегенмен Қазақстандағы жаңа бастамаларға қоғам күмәнмен қарап жатады. Бұл жолы да жоспардың толықтай орындаларына сенім көп емес. Халықаралық жобаларда тәжірибелі IT маман Талғат Бекқалиевтің айтуынша, Қазақстан жоспардағыдай жаһандық деңгейдегі өнімдерді шығара алмайтыны анық, әйтсе де бірқатар салалардың дамуына көмек беруі мүмкін екен.

– Жасанды интелект дүниежүзі экономикасына үлкен өзгерістер алып келуде. Сондықтан Қазақстанның бұл сфераға көңіл бөлгені өте орынды. Бұл бастаманың нәтижесінде OpenAI және Anthropic компанияларының деңгейінде болатын өнімдер пайда болмайды. Өйткені тәжірибелі мамандар, қазақ тілінде ақпарат және инфраструктура аз. Бірақ бұл бастама сол заттардың қажетті деңгейге көтерілуіне көмектесе алады деп ойлаймын, – дейді ол.

Білім саласы да ЖИ-ға бағдар ала ма?

Шынын айтқанда, Қазақстанның ЖИ-ға қатысты жоспарлары керемет естіледі. Мысалы, халық­аралық компаниялармен ынтымақтастық орнату, білікті мамандар даяр­лау, кемінде үш жо­ғары оқу орны жасанды интеллект сала­сына қажетті кадр дайындау, зерттеулер жүр­гізу деген іспетті. Үкімет мектептерден бастап, жоғары оқу орындарына дейін ЖИ-ді пән ретінде енгізуге ниетті. Сондай-ақ оқытушысы болмайтын peer-to-peer әдіснамасына не­гізделген практикалық оқытуды ұсы­натын мектептерді іске қосу жос­парланып отыр.

Жалпы, 2029 жылға қарай 80 мың адам жасанды интеллект бойынша білім алуы қажет. Қазір елдегі 17 жоғары оқу орны ЖИ бойынша 15 бағытты енгізді. Бұл мамандықтардағы пәндерді 2 196 студент оқиды. Үкімет жасанды интеллект бойын­ша білім беретін ЖОО үлесін 2025 жылы 20%-дан 2029 жылы 60%-ға дейін арт­тыруды көздеген. Бұған қоса жылына 10 мың талант, 1 мың жа­санды интеллект маманы, 100 жасанды интеллект стартап және 10 ғылыми жоба дайындау жоспарланыпты.

Ғылым және жоғары білім министр­лігінің мәліметінше, қазір елімізде жасанды интеллект са­ласындағы қандай да бір зерт­теулермен немесе әзірле­ме­лермен айна­лысатын 24 жо­ғары оқу орны мен ғы­лы­ми орталық бар.

Қазақ тілін қолданысқа енгізу оңай шаруа емес

Тұжырымдамадағы маңызды бағыт­тардың бірі – нейрондық желілерге не­гізделген ұлттық тіл моделін әзірлеп, енгізу. Бүгінде бірнеше білім беру ұйы­мынан, Ақпараттық және есептеу тех­нологиялары институтынан, Сәтбаев университетінен, Назарбаев универ­ситетінен, Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ҰҒПО, А.Байтұрсынов атын­дағы Тіл білімі институтынан және ҚазҰУ-дан консорциум құрылды. Ма­мандар шамамен 6 млрд сөз қолданысын жинаған, жиын­тықтар арқылы суперкомпью­терді қолдана отырып, LLM моделі үйретілуде. А.Байтұрсынұлы атын­дағы Тіл білімін институты, Қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі Айман Жаңабекованың сөзінше, ұжым заман сұранысына сай қолданбалы ба­ғыттағы жобалар бойынша қызу жұмыс істеуде.

– Жасанды интеллект тек қо­ғамның жара­тылыстану са­ласында ғана емес, гумани­тар­лық салаларын да авто­мат­тандыруға мүмкіндігі бар. Ай­талық, ол көлемді мә­тіндерді оқу арқылы тілдік заң­ды­лықтарды өз бетінше үйрене ала­ды. Дұрыс құрылған сөй­лемдер, дұрыс же­т­кізілген ойдың көлемді жиын­тығы – жасанды интел­лектіні оқытудың тілта­нымдық базасы болады. Осы ретте А. Бай­тұрсын­ұлы атындағы Тіл білімі ин­ституты Қазақ тілінің ұлттық корпусын жасау ісін біраз уа­қыттан бері қолға алып, оның мәтіндік базасының көлемін 40 миллион сөз қол­даныстан асырды. Қазір де корпус базасына салуға дайын­далып, өңделіп жатқан қыр­уар мә­тіндік қор бар. Қазақ тілінің ұлттық корпусы тек мәтіндік қор ғана емес, лингвистикалық бі­лімдермен қам­тамасыз етілген ақылды жүйе. Бұл лингвистикалық база келешек жа­санды интеллектіні оқытуға өз үлесін қосатыны даусыз, – деген фило­логия ғылым­дарының докторы.

Мәтін ішінде кездесетін барлық тілдік бірліктерді автоматтандыру үшін Тіл білімі институтында тілтанымдық база жасанды интел­лект жұмысына бейім­деліп, ХЛ-файлдарға түсірілген. Мәтін ішін­де кездесетін қателерді автоматты тану үшін Ор­фограммалар сөздігі жа­салыпты. Ал жалқы есімдерді тану үшін Онимдер базасы (кісі есімі, жер-су атаулары) дайын­далған. Сондай-ақ кез келген сөз ма­ғынасын түсіндіретін Семантикалық анализатор, кез келген дыбысты тал­дайтын және буынға автоматты түрде бөлетін Фо­не­тикалық ана­лизатор әзірленген. Мәтін жазу кезінде жазу­шының сөз­дік қорын түрлендіруге көмекші құрал болатын Сино­ни­май­зер іске қосылыпты.

Қалай алғанда да қазір үкімет пен жауапты мамандар тарапынан белсенділік байқалуда. Алайда жоспардың қай деңгейде жүзеге асатынын уақыт көрсетпек. Тек бастамалар "өзге елдерден қалмайық" деген сипатта өрбімесе болғаны. Болжамдар бойынша, 2030 жылға қарай ЖИ саласы әлем­­дік жалпы ішкі өнімнің 7 пайызын алады. 2027 жылға та­ман жаһандық жасанды интеллект нарығын капиталдандыру 400 млрд доллардан асуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттердің бұл мәселеге басымдық беруі текке 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу