Жасанды интеллект ритейлге қалай көмектеседі?

4530

Қазақстанда көтерме және бөлшек сауда саласы үнемі өсіп келеді.  

Жасанды интеллект ритейлге қалай көмектеседі?

2021 жылы оның жалпы көлемі 42,2 трлн теңгені немесе 100 млрд долларды құрады. Пандемия басталғанға дейін аталған сала жылына 7,6%-ға өсті, деп жазды inbusiness.kz
 
Жыл сайын бұл секторда жаңашылдықтар көбейіп келеді. Бұл туралы Михаил Савицкий IBA Group компаниясындағы мерчандайзингке арналған Tech Lead ИТ-шешімдер мен компьютерлік технологиялар Қазақстандағы бөлшек сауда саласын қалай өзгертіп жатқанын айтып берді.
 
Ритейлдегі “компьютерлік көру” технологиялары
 
“Компьютерлік көру” – бұл компьютерге нақты әлемдегі объектілерді тануға және талдауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект саласы.
 
Мұндағы компьютердің түйсігі – камера. Оның сараптау жүйесі суреттер мен бейне түсірілімдерді өңдей алатын алгоритм. Камера қосылған сәтте алгоритм қоршаған ортаны талдап, бейнелерге әрекет ете бастайды. Сонымен бірге ол өз тәжірибе негізінде  сараптайды, кескіндер жиынтығына үлгілер құрастырады. Бұл кескіндер неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым жақсы дегенді білдіреді.
 
Мұндай жаңа технология көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ритейл саласында қолданылады. ТМД елдерінен бес мысал келтірейік.
 
1. Қорларды автоматты түрде басқару.
 
Жасанды интеллект тауардың қоймада жоқ екенін сараптай алады немесе зақымдалған пакеттер мен қатн баға белгілері туралы ескертеді. Бұл орнына қойылмаған заттар немесе бос сөрелер туралы дереу хабарлау арқылы қызметкерлерге түсетін жүктемені азайтады.

2. Өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары.
 
Көмекші кассалар – бұл клиенттердің кассирдің көмегінсіз штрих-кодтарды сканерлеу және төлеу үшін қолдана алатын машиналары. Бұл кассаларда кезек көп кезде тұтынушыларға аз уақытта төлем жасауға мүмкіндік береді.
 
Өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары сапалы қызмет көрсете отырып, үстеме шығындарды азайтудың тамаша тәсілі болып табылады. Зерттеу әуежайдағы автоматтандырылған тіркеу процесі бір жолаушыға небәрі 14 цент, ал қызметкермен тіреуіш 3 доллар тұратынын анықтады.

3. Мінез-құлықты сараптау.
 
Маркетологтар тұтынушылардың эмоциялары мен мінез-құлқын талдау үшін деректерді жинауға арналған “компьютерлік көруді” пайдаланады. Ритейлде бұл ақпаратты есептеуді оңтайландыру үшін маңызды. Мәселен, маусымдық өнімдерді тұтынушыларға табуға ыңғайлы жерде орналастырады.
 
4. Виртуалды айналар. 
 
Қазірдің өзінде өте танымал жаңа технология. Құрылғы экранда пайдаланушыны айна алдында тұрғандай көрсетеді, содан кейін оған "киім киіп көруге" мүмкіндік береді.
 
H&M, Zara, Ralph Lauren және Lacoste сияқты брендтер қазірдің өзінде мұндай бағдарламалық жасақтаманы пайдаланады. Болжамдар бойынша, 2028 жылға қарай оған сұраныс 17,65 млрд долларға жетеді.
 
5. Тауарды автоматты түрде ұсыну.
 
Ұсыныс жүйелері тұтынушыға ұнайтын басқа тауарларды ұсынады. Машиналық оқыту жүйесі негізіндегі механизм тұтынушының таңдағанын қарайды, содан кейін түс, өлшем немесе басқа атрибут негізінде ұсынылуы мүмкін тауарларды табу үшін деректер базасын тексереді.
 
Ритейлдегі компьютерлік технология іс жүзінде қалай жұмыс істейді?

 
Ритейлде “компьютерлік көру” қолданудың тағы бір маңызды мысалы сауданы автоматтандыру болып табылады. Салаға арналған АТ-шешімдері саудагерлерге дүкендегі тауарларды көрсетуге көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар толық сараптауды қалыптастырады, адами факторды азайтады және дүкенді тексеру уақытын қысқартады.
 
Қазақстандағы ритейлдер мен өндірушілерге қазірдің өзінде қолжетімді АТ-шешімдерінің бірі – бұл мерчандайзинг процестерін автоматтандыруға арналған Goods Checker экожүйесі. Оның көмегімен:

1) Тауарларды орналастыру схемаларын (планограммаларды) қалыптастыру drag-and-drop функциясының арқасында планограммаларды тез және ыңғайлы етіп жасау, көшіру және өңдеу. Тәжірибелі маман бір минутта 100 атауға планограмма жасай алады. 
2) Дүкен сөрелеріндегі тауарларды талдау. Мерчандайзерлердің жұмысының сапасы мен планограммаларды ұстануы сатылымға әсер етеді. Мерчендайзерлер мобильді қосымшаны пайдалана отырып, менеджерлердің тапсырмаларын орындайды және тауарлардың көрсетілуін тексереді.
3) Планограммамен есептерді салыстыру. Мерчендайзер тауарды көрсетуді аяқтағаннан кейін мобильді қосымша арқылы сөренің суретін түсіреді. Фотосуретті талдау үшін компьютерлік көру қолданылады: фотосуреттегі есепті планограммамен салыстырылады және сәйкессіздіктерді табады.
4) Толық сараптауды қалыптастыру. Менеджерлерге енді фотосуреттерді қолмен тексеріп, есептерді шығарудың қажеті жоқ. Олар үшін бұл жұмысты жасанды интеллект орындайды. Пайдаланушылар есептер мен сараптауларға веб-браузер арқылы қол жеткізеді.
 
Менеджер үшін ең оңтайлысы – жедел бақылау және сараптау мүмкіндігі. 
 
Goods Checker сияқты АТ-шешімдерінің арқасында сіз нақты уақыт режимінде планограмманы жылдам жасап, оны іске қосып, басқара аласыз.
 
Планограмманы тікелей қолданбада жасауға және нұсқаулықпен үйлестіру және мерчандайзерлерге жіберу үшін MS Excel немесе PDF пішімінде сақтауға болады. Қосымша құжаттардың әртүрлі нұсқаларын қолдайды, сондықтан планограммаларды жаңартып отыру оңай болады.
 
Сондай-ақ веб-қосымшада мерчандайзерлерге арналған тапсырмалар мен маршруттар қалыптасады. Өндірушінің немесе жеткізушінің менеджерлері нақты уақыт режимінде сырттағы қызметкерлерінің жұмысын бақылай алады, тапсырмаларды бағалап, сауда орындарында мерчандайзерлер түсірген есептер мен фотосуреттерді өңдеу мүмкіндігі қарастырылған.

Сараптау жасанды интеллект арқылы жүзеге асырылады. Олар әртүрлі бөлімдерде (дүкендер, қызметкерлер, тауарлар) және динамикада (өткен кезеңмен салыстыру) қол жетімді болады.
 
Мерчандайзер үшін пайда – жұмыс сапасы жақсарып, бонустар артады. 
 
Мерчендайзерде жасанды интеллект түріндегі "көмекші" барда әрқашан есебінің дұрыстығына сенімді болады. Сөрелерді фотосуретке түсіру арқылы нақты уақыт режимінде тауарлардың орналасуын тексеруге болады. "Компьютерлік көру" суретті жарты минут ішінде таниды және ондағы барлық қателерді белгілейді.
 
Тауарлардың орналасуын планограмма сәйкестігін тексеруді және басшылық белгілеген басқа да тапсырмаларды тікелей мобильді қосымшада орындауға болады. Енді сырттағы қызметкерлерге қағаз құжаттарды өздерімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. 

Goods Checker арқасында мерчандайзерлер тиімдірек жұмыс істейді және сауда орындары аудитін жылдам жүргізеді. Есеп барлық жоспарларға сәйкестігінің жүргізіледі. Ал сырттағы қызметкерлер жұмысының сапасы артып келе жатқандықтан, ай соңында еңбегі үшін сыйақы алатынына сенімді болады.

Жасанды интеллект болған кезде жарнама қажет емес. 

Кейбір аймақтарда өндірушілер сауда орындарының қызметкерлерімен көп жұмыс істейді. Мысалы, көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда темекі өнімдері мен алкогольді өнімдерді жарнамалауға болмайды. Сатушы – өндіруші мен тұтынушы арасындағы жалғыз байланыс нүктесі. Бұл сатып алушыға бір затты ұсына алатын адам. Сондықтан сатушылармен өзара әрекеттесу үшін көп уақыт пен күш жұмсалады. 

Ал жасанды интеллект арқылы кескінді тану тек мерчандайзерлерді басқару үшін ғана емес, сонымен қатар ынталандыру үшін де пайдаланылуы мүмкін. Сауда орындарында жұмыс істейтін қызметкерлер қазір жұмысының ашық екенін біледі. Оларға қалай және қандай сыйақылар мен айыппұлдар берілетінін түсінеді. Көптеген компанияларда тіпті айдың қорытындысы бойынша үздік мерчендайзерлердің рейтингтері сынды акциялары бар. Мұндай компаниялардағы қызметкерлер тиімдірек жұмыс істейді және көп пайда әкеледі.
 
Бұл ретте қаржылық ынталандыру кез келген оқу курстарына қарағанда жақсы жұмыс істейді. Жасанды интеллектке негізделген салалық шешімдерді пайдалану қызметкерлерді тартуға және олардың жұмыс сапасын арттыруға көмектеседі. Демек бұл Қазақстандағы бөлшек сауда саласын дамытуға және сату көлемін арттыруға ықпал етеді деген сөз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу