Жекпе-жек алдында талып қалған Жәнібек Әлімханұлы ауруханадан шықты

769

Ол салмақ қуам деп есінен танып қалған еді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жекпе-жек алдында талып қалған Жәнібек Әлімханұлы ауруханадан шықты Фото: janibek_qazaqstyle

"Әр қиындық артында жеңілдік бар! Салмақ қуу барысындағы сынақты да бастан өткізіп жатырмыз, ағайын! Уайымдап жатқан жанашыр жанның бәріне көп рақмет! Аллаға шүкір, ауруханадан шықтық. Денсаулық бірінші орында! Ауырмаңыздар, жақындарыңыз ауырмасын! Біз жауынгерміз ғой, мұндай сынақтар бізді сындырмайды, шыңдайды! Бұйыртса әлі талай әлемге қазақ стилін көрсетеміз! Қолдауларыңызға рақмет!", – деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол жоспар бойынша ертең Жаңа Зеландия боксшысы Андрей Михайловичпен жекпе-жекке шығуы керек еді. Бірақ кездесу Жәнібектің денсаулық жағдайына байланысты өтпейтін болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу