2023 жылдың 6 ақпанында Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау үшін пилоттық платформаны іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұл туралы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ өткізген брифингте белгілі болды.
Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де www.autonesie.kz ресми сайтында іске қосылады. Өтінім беру үшін өтініш берушінің қол астында компьютері, электрондық-цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ), интернеті болуы қажет, сондай-ақ автоөндірушілерді алдын ала таңдауы шарт. Платформаға тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге болады.
"Сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы қалыптасады. Өтініш беруші міндетті түрде тек телефон нөмірін енгізіп, автоөндірушіні таңдап, өтінімге қол қоюы керек. Өтінімнің тіркелу фактісін "Жеке кабинет" арқылы тексере алады", – деп атап өтті Өнеркәсіпті дамыту қоры" өкілдері.
Айта кету керек, платформа Бағдарламаға қатысушылардың пулын қалыптастырады. Енді бұл дилерлік орталықтарда және банктерде жүзеге асырылмайды. Өтінімді бергеннен кейін автоөндірушіні өзгертуге болайды.
"Мұның барлығы бағдарлама барынша әділ жүзеге асырылу үшін, халық тарапынан сын болмау үшін ұйымдастырылды", – деді Өнеркәсіпті дамыту қоры" өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 2022 жылдың мамыр айында бастау алды. Оны іске асыру үшін екінші деңгейлі банктерге ("Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Forte Bank" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ және "Еуразиялық Банк" АҚ) 100 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 12,6 мыңнан астам адам несиеге көлік алды. Автокредиттің орташа мөлшері 7,8 млн теңгені құрады.
Қор дерегінше, бүгінгі таңда тағы 761 адам жеңілдетілген авто несие рәсімдей алады. Себебі қолданыстағы автокредиттерді өтеуден жинақталған қаражат 7,6 млрд теңгені құрайды.
"Бүгінгі таңда "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ желісі бойынша қолданыстағы автокредиттерді өтеуден жинақталған қаражат көлемі 7,6 млрд теңгені құрайды. Осы деректерді ескере отырып, пилоттық платформаның алғашқы іске қосылу барысында 761 өтініш берушіге дейін тіркеле алады. Өтініш берушілердің осы санына жеткен кезде платформада өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылады, ал "Өтінім беру" функциясы белсенді болмайды", – деді қор өкілдері.
Кейіннен платформада өтінімдерді қабылдау ай сайын жүргізіледі және 100-ден астам өтініш берушіні тіркеуге мүмкіндік береді.
Ал қазақстандықтардың өтініші қандай жағдайда қабылданбауы мүмкін?
1. Бұған дейін Бағдарлама аясында автонесие алған болса;
3. Платформада өзекті өтінімі болса.
Жеңілдетілген автонесиелеу платформасы өтінім берушілер мен автоөндірушілерге, сондай-ақ жобаға қатысушы банктерге өтінімнің мәртебесін бастапқы кезеңнен бастап автомобиль берілгенге дейін онлайн қадағалауға мүмкіндік береді.
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының шарттары өзгеріссіз қалады:
• 1 автомобильдің құны – 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайды;
• қаржыландыру сомасы – 10 000 000 (он миллион) теңгеден артық емес;
• қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан аспайды;
• бастапқы жарна – 0% бастап;
• кредит беру валютасы – теңге;
• сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4%, бұл ретте жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі түпкілікті қарыз алушының автокөлікті сақтандыру және ресімдеу (оның ішінде кепілге қою) бойынша шығындарын ескере отырып, жылдық 7,5%-дан аспауы тиіс;
• түпкілікті қарыз алушылар сақтандыру және отандық өндірістің жеңіл автокөлігін кепілге ресімдеу бойынша шығыстарды төлейді.
Бағдарламаға қатысатын автоөндірушілердің тізбесі:
• "САРЫАРҚААВТОПРОМ" ЖШС;
• "HYUNDAI TRANS KAZAKHSTAN" ЖШС.