Жергілікті автоөнеркәсіп үлесін арттырды

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
8801

Қазан айында сатылған барлық көліктің 40%-ға жуығы қазақстандық өнеркәсіпке тиесілі.

Жергілікті автоөнеркәсіп үлесін арттырды

Осы жылдың 10 айында ресми дилерлер ішкі нарықта 38963 автокөлік сатқан, бұл былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық. Ал сыртқы сауда 3,6 есе артып, былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі 391 бірлікпен салыстырғанда 1401 бірлікке жеткен.

Бір жыл ішінде сатылған жаңа автокөліктердің саны қазан айында  алғаш рет 5000-нан асып, 5027 бірлік болған. Қазақстандағы сауданың тұрақты өсуін жергілікті автокөліктердің саудасы қамтамасыз етіп тұр. Қазақстан автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) хабарлауынша,  сауданың ең жақсы айлық көрсеткіші есептік кезеңге сәйкес келіп, 1988 бірлікті құраған.

Жеңілдетілген автонесие – отандық авткөлік саудасы үшін қозғаушы күш болып отыр. 2 қарашадағы жағдай бойынша, қазақстандық өндірістен шыққан 9573 автокөлік жеңілдетілген автонесие арқылы сатылған.

"Қазақстанның Даму банкі" АҚ екінші деңгейлі банктердің 38 млрд 456,1 млн теңгеге автонесие берудің 9872 өтінімін мақұлдаған. Оның ішінде екінші деңгейлі алты банк отандық автоөндірушілердің автокөлігін сатып алуға  жалпы сомасы 37 млрд 377,6 млн теңге болатын 9573 несие берген.

Біздің отандастарымыздың таңдауы  қалта көтеретін отбасылық Lada, Ravon, Skoda Rapid, Peugeot 301 сияқты седан көлігіне көп түскен. 2017 жылы сатылған қазақстандық седандардың орташа құны – 4 млн 302 мың 110 теңге, ал жол таңдамайтын көліктердің орташа құны 5 млн 082 мың 647 теңге. Жалпы алғанда қазақстандықтардың арасында В санатты автокөлік неғұрлым сұранысқа ие. Одан кейінгі орында С және  D санатты автокөліктер, сонымен қатар шағын және орташа кроссоверлерге деген сұраныс басым. 

10 айдың қорытындысы бойынша ішкі істер министрлігі органында 849046 автокөлік құралы тіркелген. Оның ішінде қазан айында барлық типті автокөлік техникасының 99290 бірлігі тіркелген. Бұл осы жылдың қыркүйегіндегі көрсеткіштен 4,5%-ға артық, сондай-ақ 2017 жылдың қаңтарында тіркелген 69192 көліктен 43,5%-ға артық. Жылдың басында тіркелген автокөліктердің саны жылдың соңындағы көрсеткіштен  40-60%-ға аз. 2016 жылдың қазан айында 84928 көлік тіркелген, ал бұл сол жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштен 62,7%-ға артық. Осы жылдың қазан айында тіркелген автокөліктердің саны былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 16,9%-ға артық болып отыр. Бұл сан автонарықтағы сауданың жыл соңына қарай өсетінін, сондай-ақ елдегі автонарықтың бірте-бірте қалыпқа келіп, жанданып жатқанын көрсетеді. 

2017 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстанның автокөлік нарығында  Toyota көш бастап тұр, былтырғы жылы алғашқы тіркеу және екінші тіркеуде де олар 968 бірлік пен 14598 бірлік болған. Қаңтар-қазан айында 133722 Toyota тіркелген, бұл барлық тіркелген көліктің 15,7%-ын құрайды. Оның ішінде алғашқы тіркелгені 9360 бірлік, қайта тіркелгені 124362 бірлік. Қазан айында жалпы 90219 жеңіл көлік тіркелген, ал жылдың басынан тіркелген көлік саны 752126 болған.

Қазақстандықтардың арасындағы рейтингте екінші орында жергілікті, сондай-ақ ресейлік өндірістегі Lada көлігі тұр. Қазан айында тіркелген Lada көлігі 12959 бірлік, оның ішінде алғашқы тіркелгені 891, екінші рет тіркелген 12068 бірлік болған, ал жылдың басынан бері тіркелген көлік саны 109625 бірлік немесе 12,9%.

Қазақстандықтардың  ресми, сонымен қатар қайталама автонарықтағы таңдауы өзгеріссіз қалып отыр. Оған ең бірінші оның сапасы мен бағасының арақатынасы, сондай-ақ сервистің қолжетімді болуы себеп болған. Алайда қайталама нарықта сатып алушылар немістің  автокөліктерін, мысалы, Mercedes-Benz, Audi, BMW және осыған ұқсас көліктерді таңдайды. Ал көлікті алғаш тіркеу кезінде, яғни жаңа автокөлік келісімін жасағанда сатып алушылар жергілікті өндірушіден шыққан Ravon, Hyundai, Kia сияқты брендтерді көп таңдайды.

Қазақстанның автонарығы әлі де болса ескі,  автокөліктерді жаңартудың үлкен әлеуеті бар, ол ең бірінші өндірісті дамытумен байланысты болмақ. 

ІІМ мәліметі бойынша, осы жылдың қаңтар-қазан айында тіркелген көліктердің ішінде шыққанына 10 жылдан асып кеткен  572090 машина тіркелген, оның ішінде бастапқы 10  брендтің үлесі (Toyota, Volkswagen, Mercedes-Benz, Lada (VAZ), Audi, Mitsubishi, Nissan, BMW, GAZ, Opel) 72,5% болған.

Осы жылдың қаңтар мен қазан айында есепке қойылған көліктер ішінде  үш жыл мен он жылға дейін пайдаланылғандардың саны 182609 бірлік болған. Сонымен бірге аталмыш топтың ондықтар  үлесі 76% болған.   Тіркелгендердің ішінде 2015-2017 жылы шыққан автокөліктер саны 93352 бірлік. Бұл көрсеткіштің ішінде барлық көлік түрі бар.

Жүк көліктерінің арасында ең көп таңдау жасалған бренд – бұл "КамАЗ". 2017 жылдың басынан бастап 13623 "КамАЗ" тіркелген, жалпы жүк көліктерінің үлесі 5,83%. Қаңтар-қазан айында тіркелген орташа, сондай-ақ ауыр жүк көліктерінің саны 49484 бірлік болған. Көш бастап тұрған ондық ішінде GAZ, ZIL, MERCEDES-BENZ, VOLVO, HOWO, MAZ, SHACMAN, DAF, MAN жүк көліктері бар.

Ал автобустардың арасында ең көп тіркелгені – PAZ бренді. Сондай-ақ көш бастап тұрған бестіктің құрамында MERCEDES-BENZ, GAZ, HYUNDAI және IVECO бар.  2017 жылдың басынан қазан айын қоса есептегендегі тіркелген көліктің жалпы саны 7682 бірлік болған. Бұл былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 33,3%-ға артық. Бұл ретте алғаш тіркелгендер саны бойынша  IVECO бренді 297 автобуспен көш бастаса, екінші орында PAZ тұр. Ал бестікті LIAZ бренді қорытындылады. Жылдың басынан бері бұл брендтің 89 автобусы тіркелген.  

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу