"Жетісу" футбол клубының директоры сотталды

311

Үкім заңды күшіне енді.

"Жетісу" футбол клубының директоры сотталды Фото: fk-jetisu.kz

Талдықорған қалалық соты "Жетісу" футбол клубы директоры Қалмұхамбет Дөнсебаевқа қатысты үкім шығарды.

Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Қалмұхамбет Дөнсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен қатар 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу