Жыл басынан бері ел экономикасы 4 пайызға өсті

531

Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында инвестициялар айтарлықтай төмендеген. 

Жыл басынан бері ел экономикасы 4 пайызға өсті Фото: gov.kz

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров биылғы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша ел экономикасы 4,0%-ға өскенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биылғы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 4,0%-ды құрады. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде үшінші ай қатарынан өсудің жеделдеуі байқалып отыр. Нақты сектордағы өсу 5,0%-ды құрады, көрсетілетін қызметтер саласындағы өндіріс 3,8%-ға артты. Биыл  экономиканың өсуі толығымен шикізаттық емес сектордың дамуы есебінен қамтамасыз етілуде", - деді министр Үкімет отырысында.

Нұрлан Байбазаровтың сөзінше, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласы ең жоғары өсімді көрсетті. 

"Көлік қызметі 8,0%-ға, байланыс 6,4%-ға, сауда 6,3%-ға, өңдеу өнеркәсібі 4,8%-ға өсті. Жалпы ішкі өнімнің өсуінің 65%-ы сауда, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығы есебінен қамтамасыз етілді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,6%-ға өсті. Инвестицияның ең жоғары өсуі шикізаттық емес салаларда байқалады. Инвестиция көлемі байланыста 81,7%-ға, білім беруде – 79,3%-ға, көлікте – 31,1%-ға, өңдеу өнеркәсібінде – 6,3%-ға, денсаулық сақтауда – 4,8%-ға өсті", - деп атап өтті ол.

Ұлттық экономика министрі үздік көрсеткіштер Алматы, Жетісу, Павлодар, Қызылорда және Түркістан облыстарында байқалатынын, Атырау, Ақмола, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында инвестициялар айтарлықтай төмендегенін баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу