Жылдам диагностика нәрестелерді соқырлықтан құтқарады

3931

Ақтөбе Облыстық перинаталдық орталығында жаңа ретиналды камера сәтті жұмыс істеуде.   

Жылдам диагностика нәрестелерді соқырлықтан құтқарады Фото: AYALA қоры

Бұл заманауи диагностикалық жабдық шала туған нәрестелердің ретинопатиясын қоса алғанда, жаңа туған нәрестелердің көру патологиясын ерте кезеңде анықтауға көмектеседі. Ретиналды камераны "Әлемді көремін" жобасы аясында Halyk Bank қолдауымен AYALA қайырымдылық қоры офтальмолог дәрігердің кабинетіне берді.

2021 және 2022 жылдары AYALA қоры Облыстық перинаталдық орталыққа офтальмологиялық лазер мен тікелей емес офтальмоскоп берді. Бұл құрылғыда 1070-тен астам бала диагностикаланған. Енді ретиналды камерамен бірге офтальмолог дәрігерде жаңа туған нәрестелерді соқырлықтан құтқаруға арналған медициналық жабдықтардың толық жиынтығы бар. Бұрын Ақтөбедегі және облыстан келген шала туған сәбилердің ретинопатиясы анықталған кезде Астанаға жедел емдеу үшін жіберуге тура келетін. Алайда, AYALA қорының көмегімен Облыстық перинаталдық орталық ретинопатияны ерте диагностикалауда да, оны емдеуде де алға ілгеріледі.

"Жыл сайын облыста 20 мыңға жуық бала өмірге келдеі, мерзімінен бұрын туған 450-ден астам сәби қауіп-қатер тобына түседі. Біздің орталыққа жаңа туған нәрестелердің көздерінің ретинопатиясы мен басқа да патологияларының ерте скринингін жүргізу үшін, әсіресе лазерлік хирургиялық оталар жасау кезінде ретиналды камера қажет болды. Бұған дейін біз маңдай офтальмоскопымен тексеру жүргіздік. Жаңа жабдықтың көмегімен біз балалардың ата-аналарына көздің торын көрсете аламыз, суреттер монитор экранына шығады, олар түрлі-түсті, анық, көз торындағы өзгерістер өте жақсы көрінеді", - деп атап өтті Облыстық Перинаталдық Орталықтың директоры Гүлшат Темірбаева.

FORUS NEO (Үндістан) ретиналды камерасы тіпті реанимация жағдайында да және жаңа туған нәрестені ӨЖЖ аппаратына қосқан кезде де баланы диагностикалауға мүмкіндік береді – басқа аппараттарда мұндай мүмкіндік жоқ. Камераны пайдалану оңай және онда кішкентай пациенттер туралы барлық ақпаратты, олардағы ретинопатияны диагностикалаудың сурет және бейне құжаттарын сақтай отырып, ноутбукпен біріктіріледі.

Орнатылғаннан кейінгі алғашқы күннен бастап бұл ретиналды камера жаңа туған нәрестелердің көру бойынша әртүрлі патологияларын диагностикалау үшін қолданылады. Ақтөбеде 110 бала тексерілді, 15 шала туған нәрестеде ретинопатия анықталды.

 "Бұл өте маңызды қайырымдылық жоба, өйткені әңгіме еліміздің болашақ ұрпағы – жаңа туған сәбилердің денсаулығы туралы болып отыр. Біз Банк AYALA қорының бастамасын қолдап, осындай өмірлік маңызды жабдықтарды сатып алу үшін біздің қаламыз бен Перинаталдық орталықты таңдағанына қуаныштымыз және мақтан тұтамыз. Осы жабдық пен жан-жақты қолдаудың арқасында Орталықтың мамандары балаларға уақытылы білікті көмек көрсетіп, туған сәбилердің өміріне жолдама береді деп сенгіміз келеді", - деді Halyk Bank-тің Ақтөбе облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Торғын Қазиқызы Бейісова.

Бұл AYALA қайырымдылық қоры 2021 жылдан бері Қазақстанның медициналық орталықтарына берген тоғызыншы ретиналды камера. Осы жылдың басында осындай камералар Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында және Атырау Облыстық перинаталдық орталығындағы Ретинопатия орталығында пайда болды.

AYALA қайырымдылық қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен қол қойылған Меморандумға сәйкес "Әлемді көремін" жобасын жүзеге асыруда. Осы уақыт ішінде қор қазақстандық офтальмолог дәрігерлерді 28 диагностикалық және лазерлік жабдықтармен қамтамасыз етіп, оларға Қазақстанның 18 перинаталдық және ғылыми орталықтарында 4,5 мыңнан астам шала туған нәрестелерді диагностикалауға көмектесті. AYALA қорының жабдықтарында ретинопатия бойынша тәуекел санатындағы шала туған балалардың 100% скринингпен қамтамасыз етілген.

"Біздің қордың мақсаты – мемлекетке нәресте мүгедектігі мен өлімін азайтуға көмектесу. Біздің барлық медициналық жобаларымыз, соның ішінде "Әлемді көремін" жобасы осы мақсатқа жету үшін жұмыс істейді. 2021 жылдан бастап біздің жабдық Қазақстанда шала туған нәрестелердің көру қабілеті бойынша мүгедектігін нөлге дейін төмендетуге көмектесті. Неонаталдық офтальмологтардың саны Ақтөбе облыстық орталығында офтальмолог дәрігер Қамшат Болатқызы Мешітбаеваны қоса алғанда, жоғары білікті 4-тен 45-ке дейін 10 есе өсті. Оның білімі мен жинақталған тәжірибесінің арқасында Ақтөбе облысында ретинопатиядан көзі көрмейтін балалар болмайды деп сенемін", - деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу