Қостанай облысында 25 ауыл оңтайландырылады. Бұл елді-мекендердің атауы картадан жойылып, алдағы уақытта мүлдем босап қалуы мүмкін. Ресейдің 3 облысымен көршілес Тобыл өңірінде ауылдардың халық саны жыл сайын азайып барады. Әлеумет мұны 90-ншы жылдары дұрыс жүргізілмеген мемлекеттік саясаттан көреді.