"2 жылдан бері үміттеніп келеміз": Астаналық әйел Перизат Қайраттың тағы бір былығын ашты

9977

Келіншек уәде етілген сыйлығын әлі алмаған.

"2 жылдан бері үміттеніп келеміз": Астаналық әйел Перизат Қайраттың тағы бір былығын ашты Фото: Әсел Омарованың жеке мұрағатынан

Елорда тұрғыны Әсел Омарова осыдан екі жыл бұрын "BIZ BIRGEMIZ" қорының атынан өзіне Перизат Қайрат хабарласып, әйелге пәтер берілетінін айтып, үміттендіріп қойғанын жеткізді.

Тіпті бұл "сыйлық" сертификат түрінде галоконцертте ресми түрде табысталған екен. Дегенмен арада қанша уақыт өтсе де, желіде баласымен такси жүргізіп танылған автоледи уәде етілген пәтерге кіре алмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты stan.kz басылымына сілтеме жасап.

"Жамандыққа қимаймын, дегенмен "барды бар, жоқты жоқ" деп айтар сәт келгендей. 2022 жылы қарашада Перизат үйіме келіп, "үй табыстаймыз" деп айтып кеткен еді. Кейін Жаңа жылдық мерекеге орай үлкен галаконцерт болып, сол жерде сертификат ұстатқан. Бірақ үй берілмеді", – деді ол.

Әсел Омароваға белгілі бір тұрғын үй комплексінен үй беріледі деп айтылған. Бірақ кейін хабарсыз кетті дейді.

Айтуынша, өзі хабарласқан кезде "күнде ертең" деп түрлі сылтаумен Әселді ұзақ күттіріп қойған.

"Үміт деген қиын екен, "әне, міне беріп қалар" деп күтіп жүр едім. Соңғы рет 4-5 ай бұрын хабарластық, сол кезде "1-2 айдан соң беріледі" деді. Бірақ қайтадан үнсіз қалды", – деді ол.

Айта кетейік, келіншек елордада балаларымен әлі де пәтер жалдап тұрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу