Еріктілер мен полиция 71 жастағы Бейбіткүл Мұхамеджанова мен оның екі баласын – 44 жастағы ұлы Бауыржан Смағұлды және 39 жастағы қызы Әлия Мұхамеджанованы іздестіріп жатқан болатын.
Олар 2025 жылдың 10 ақпанында Астанадан Павлодарға жолға шыққан, содан бері ешқандай ақпарат болмаған, байланысқа шықпаған.
Абырой болғанда, жоғалғандар Павлодардан табылды.
"Оларды "VITA" ДПО еріктілері іздеу хабарландыруларын тарату және жалдамалы пәтерлерді тексеру барысында Орталық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге тапты", – деп хабарлады Павлодар қаласының Vita іздеу ұйымы.
Болжам бойынша, астаналықтар қаланың бір жалдамалы пәтерінен табылған.