Танымал америкалық актер, 64 жастағы Жан-Клод Ван Дамм жасөспірім қыздарды жыныстық саудаға тартты деп айыпталды. Голливуд жұлдызының өкілі осы жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы People басылымы жазды.
"Біз Канн қаласында Жан-Клод Ван Дамммен қатысуымен болды делінген оқиғалар туралы мақалалармен таныспыз. Актер бұл туралы пікір білдіргісі келмейді. Себебі бұл ақылға қонымсыз және негізсіз қауесеттерге араласқысы келмейді", – деп мәлімдеді актердің өкілі.
Оның айтуынша, БАҚ-та жарияланған деректер ешқандай дәлелдермен расталмаған.
2 сәуір күні Ван Даммды адам саудасымен байланысты оқиғаларға қатысы бар екені туралы ақпарат тарады. Оның ішінде кәмелетке толмаған қыздар туралы да айтылған. Актерге Канн қаласында румыниялық бес жасөспірім қызбен бірге уақыт өткізді деген айып тағылды.