Жаңа басшыны зауыт ұжымына "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов таныстырды, деп жазады inbusiness.kz сайты "ҚазМұнайГаз" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
М.Ахметов еңбек жолын 2010 жылы "ПМХЗ" ЖШС-де технологиялық қондырығылар операторы болып бастады.
2010-2013 жж. – №3 технологиялық цехтың күкірт шикізатын абсорбациялау және газбен фракциялау қондырғысының 4-разрядты технологиялық қондырғылар операторы
2013-2016 жж. – №3 технологиялық цехтың өндірісті дайындау жөніндегі инженері.
2016-2017 жж. – мұнайды бастапқы өңдеу кешенінің нафта сплиттері және изомерлеу қондырғысының 6-разрядты технологиялық қондырғылар операторы.
2017 ж. қыркүйек - желтоқсан – жеңіл мұнай өнімдерін өндіру кешені изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысының 6-разрядты технологиялық қондырғылар операторы.
2017-2018 жж. – жеңіл мұнай өнімдерін өндіру кешені/мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысының бастығы.
2018-2019 жж. – мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің операциялық үйлестірушісі.
2019-2021 жж. – мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің аға операциялық үйлестірушісі.
2021-2022 жж. – жеңіл мұнай өнімдері өндірісінің бастығы.
2022 – 2024 жж. – өндіріс департаментінің техникалық бөлім бастығы – бас технолог.
2024 ж.қазан – 2025 ж. қаңтар – бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженердің міндетін атқарушы.
Бүгінгі тағайындауға дейін "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженер қызметін атқарды.
ҚМГ басшысы ПМХЗ-ның жаңа бас директорына өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің барлық талабын сақтай отырып, зауыттың тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, кәсіпорынның операциялық тиімділігін арттыру, жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемін ұлғайту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру, соның ішінде дизель отынын гидротазарту қондырғысын реконструкциялау және кеңейтілген жөндеу аралық кезеңге көшу бойынша нақты тапсырмалар берді.