ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары инвестициялық салық преференциясын беру, бизнесті мемлекеттік қолдау және инвестиция тарту мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдардың басшыларымен және бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Silk Road Electronics" ЖШС алаңында өткен шараға комитет төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика министрлерінің орынбасарлары, сондай-ақ Қарағанды облысы әкімдігі мен жергілікті кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында "Saran" индустриялық аймағын дамытудың келешегі, салық саясаты және салық жеңілдігінің тиімділігі, сондай-ақ өнеркәсіп жобаларын іске асыру және болат құбырлар өндірісі мен металл бұйымдарды мырыштау ісі талқыланды.
Делегация сонымен қатар, "Tengri Tyres" және "Qaztehna" серіктестерімен қоса индустриялық аймақтың жетекші кәсіпорындарында болып, өндіріс қуатымен және шоғарланған өнеркәсіп әлеуетімен танысты.
Қазақстандағы инвестициялық саясатты жетілдіру және индустриялық аймақтарды дамыту жөніндегі бұдан былайғы жұмыста осы талқылаудың нәтижесі басты бағдар болады.