Шығыста жұмыс 17.30-да аяқталады: Үкімет уақыт белдеуінің кері әсері жоқ екеніне сенімді

757

Өңірлердің дені айтарлықтай кері әсердің жоқ екендігін айтып отыр, дейді вице-премьер. 

Шығыста жұмыс 17.30-да аяқталады: Үкімет уақыт белдеуінің кері әсері жоқ екеніне сенімді Фото: "Дидар" газеті

Премьер-Министрдің  орынбасары Ермек Көшербаев Мәжілістің жалпы отырысында уақыт белдеуіне қысқаша тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тәжірибе көрсеткендей, өңірлердің басым бөлігі айтарлықтай кері әсердің жоқ екендігін айтып отыр. Адам денсаулығына, балалардың оқу сапасына, коммуналдық шығындарға, жол қозғалысына және қылмыстың өсу динамикасы өзгеріске ұшырамаған. Кейбір өңірлерде, әсіресе, шығыста адаптация процесі жалғасып жатыр. Тұрғындарға тиімді болу үшін жұмыс уақыты өзгертіліп, ол қазір бес жарымға таман аяқталады. Нәтижесінде қалған уақытты тұрғындар жеке басына, отбасына, балаларына арнауға көбірек мүмкіндік алып отыр", - деді вице-премьер.

Сөзінше, Үкімет пен Парламент бұл сұрақты жан-жақты қараған. 

Айта кету керек, осыған дейін Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты жүргізілген монииторингтің қорытындысын айтқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу