"Синий кит" арнасын құрған ер адам 9 жылға сотталды

618

Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. 

"Синий кит" арнасын құрған ер адам 9 жылға сотталды Фото: Вконтакте

Ресейде "Синий кит" тобының негізін қалаған Илья Погибловқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкімді Новосібір қаласындағы Ленин аудандық соты шығарды. "Синий кит" тобының авторы Илья Погиблов 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. 

Айыпталушы Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша кінәлі деп танылды. Атап айтқанда, "Кәмелетке толмағандарды қылмыс жасауға тарту", "Өзін-өзі өлтіруге итермелейтін әрекеттерді ұйымдастыру". Ер адам өз кінәсін толық мойындады.

Сот отырысында анықталғандай, Погибловтың өзге адамдардың өліміне деген патологиялық қызығушылығы болған. 

Илья Погиблов 2023 жылы "Синий кит" атты ашық топ құрған. Ол арнасына жазылған кәмелетке толмаған балаларға түрлі тапсырмалар жіберіп, өз құрбандарын суицидке дейін жеткізуді мақсат еткен.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу