Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында соғыс ардагерлеріне бес миллион теңге төлеу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар басқарма басшысы Жеңіске қол жеткізуге үлес қосқан 3,7 мыңнан аса азаматқа мерекелік және атаулы күндерге біржолғы төлемдер қарастырылғанын айтты. Бұл төлемдер мәртебесіне байланысты 50 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін ұлғайтылған.
Сондай-ақ ардагерлерге әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көрсетіледі. Олардың барлығы әскери қызметшілерге көрсетілетін құқықтар мен кепілдіктерге ие. Салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдаланады, Астана және Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторлық-курорттық емдеу ұсынылады.