Трамптың бұл тың ұсынысы туралы Анадолы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
АҚШ президенті елден өз еркімен кеткісі келетін заңсыз мигранттарға қаржылай көмек пен ұшақ билетін ұсынатынын айтты. Мұны Ақ үй басшысы Fox News америкалық телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеген.
Трамп осы уақытта АҚШ билігі қауіпті саналатын мигранттарды елден депортациялау ісін жалғастыратынын, елден кетуге ниетті заңсыз мигранттарға арналған бағдарлама дайындап жатқанын сөз етті.
Оның айтуынша, жаңа миграциялық бастама оларға қажет-ақ.
– Егер олар тәртіпті болып, өз еліне оралуға ниет білдірсе, біз оларды мүмкіндігінше тез қайтару үшін бірлесіп әрекет етеміз, – деді ол.
Сайлауалды науқаны кезінде Трамп миллиондаған мигрантты депортациялау жоспары бар екенін ашық айтқан еді. АҚШ вице-президенті Джеймс Дэвид Вэнс те бұл жұмысты 1 миллион мигранттан бастауға болатынын қоса кеткен.
Заңсыз иммиграцияға қарсы күресте Дональд Трамп осыған дейін тек соғыс кезінде қолданылған 1798 жылғы "Шетелдік жаулар туралы заңды" пайдаланып, "шетелдік террористік ұйымдармен" байланысы бар мигранттарды елден шұғыл шығару шараларын іске асырған-ды.