7 айда 55 849 пәтер тапсырылды

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
25967

Ипотека рәсімдеушілердің саны 4,5%-ға өсті.

7 айда 55 849 пәтер тапсырылды

Жыл соңына дейін елімізде 13 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға беріледі. Әзірше жоспардың 50%-ы орындалды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, соңғы 7 айда 6,5 млн шаршы метр тұрғын үй бой көтерді.

"Республика бойынша барлығы 55 849 бірлік тұрғын үй тапсырылды. Оның  24 013-і  жеке үй. Еліміздің 7 өңірінде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көшбастап тұр. Екінші орынға Қызылорда, үшінші орынға Қостанай облыстары орналасқан. Ал Маңғыстау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйді іске қосу қарқыны сәл төмендеген", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, құрылыс бойынша нақты көлем индексі 2019 жылдың соңғы 7 айында 111,5%-ды құраған. Мұнда Қызылорда, Қарағанды, Атырау облыстары үздік үштікке енген. Көрсеткіштің төмендеуі Шымкент қаласында байқалған.  

Естеріңізге салайық, биылғы жылдың I жартыжылдығында Қазақстанда 144 299 үй сатылды. Үй сату көрсеткішінде алматылықтар алда болды. Бұдан кейінгі орындарды Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалалары иеленді.

Бірінші жартыжылдықта тұрғын үй бағасы едәуір өсті. Cтатистика агенттігінің дерегінше, алғашқы алты айда еліміздің барлық қалаларында үй орта есеппен алғанда өсім +5%-ға қымбаттады.  

Тұрғын үй нарығында қымбатшылық орын алса да, ипотека рәсімдеушілердің қатары сиреген жоқ. Керісінше, пәтер сатып алу үшін екінші деңгейлі банктерден қарыз алғандардың саны 4,5%-ға өсті. Осылайша ел азаматтары баспаналы болу үшін қаржы институттарынан 1,49 трлн теңге қарыз алды.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу